Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

2019 жылы 8 күн ішінде қарағандылық құтқарушылар жабық есіктерден 16 адам құтқарды

09.01.2019
Құтқарушылар адамдарды түрлі жағдайлардан құтқарады. Кейде көмек тіпті ең қарапайым жағдайларда да қажет. Мысалы, әрқайсысымен үйдің есігі жабылып қалып, ішке кіру мүмкіндігі жоқ жағдай орын алуы мүмкін.  Себебі әртүрлі болуы мүмкін:өтпе жел, кілттердің жоғалуы, күрт қозғалыс, құлыптың сынуы, кілттің сынуы, балалардың тентектігі және т.б. Көбінесе  осындай жағдайларда үйде есікті өз бетінше аша алмайтын балалар, қарт адамдар немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар қалады.

2019 жылы 8 күн ішінде Қарағанды облысының ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 13 есікті ашып, 16 адамды (оның ішінде 3 бала) құтқарды.

1 қаңтарда Қарағанды қ. Степной-3 ықшамауданындағы 8 үй тұрғындарынан қоңырау келіп түсті. Қарт әйел есікті ашпағандықтан туыстары алаңдаған.  ЖҚЖ қызметкерлері слесарлық құралды пайдаланып кіретін есікті ашты. Әйел зардап шеккен жоқ.

6 қаңтарда Қарағанды қ.Б. Момышұлы көшесіндегі 24 үйдің тұрғындарынан ас үйдің есігінің жабылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ас үйде әйел болған, ал басқа бөлмеде кішкентай баласы қалған. ЖҚЖ қызметкерлері балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ашты. Әйел мен бала медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Қарағанды облысының ТЖД ата-аналар мен барлық қала тұрғындарына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы ескертеді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда"112"телефонына қоңырау шалыңыз. 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі


Возврат к списку