Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Аязды күндерде де мұз қауіпті болады

08.01.2019
Біздің барлығымыз  қыстың келуін қуана күтетініміз сөзсіз.
Аязды күндері мұз бетінде құстай ұшып, коньки теуіп, шанамен сырғанағанға немесе қатып жатқан өзенде  шаңғы тепкенге не жетсін.
Мұзға шығарда жан жағыңызға қараңыз, мұздың қаттылығына көзіңізді жеткізіңіз. Ол үшін қатты үшкір затты пайдаланған дұрыс. Мұздың қаттылығын аяқпен ұрып тексеруге тыйым салынады. Егерде сіз мұз астына құлап кетсеңіз, сабырлы болуға тырысыңыз, тырбаңдамаңыз, кеудеңізді сүйеп, мұз шетіне қолыңызды созып, мұз бетіне шығуға тырысыңыз. Мұз үстіне шыққан соң, ойық жерден алыстап кетіңіз. Қиындыққа тап болғанда, көмекке адамдар шақырыңыз.

Егерде, мұз үстінде жүріп, көмекке шақырған айқай естісеңіз, азап шеккен адамға көмекке асығыңыз, бірақ есіңізде болсын, ойық жерге жақындамаңыз, ол жерге еңбектеп бару керек, екі қолыңыз бен аяқтарыңыз жан –жақта болғаны дұрыс, әйтпесе, өзіңіздің мұз астына түсіп кетуіңіз ықтимал. Егер сіздің қолыңызда ұзын таяқ немесе тақтай болса, оны мұзға түсіп кеткен адамға 3-5 метр қашықтықта тұрып, созыңыз. Азап шеккен адам созған затты ұстағанда, оны жағаға немесе қатты мұзға тартыңыз. 
Әуесқой – балықшылар жай, бірақ міндетті  кеңестерді орындағаны дұрыс.
Естеріңізде болсын, өндіріс суларының қалдығы бар су қоймалары адам өміріне өте қауіпті. Қатты жел күндері жалпы мұз массасынан мұздың бөлініп кетуі кездеседі. Сондықтан да, мұз астынан балық аулауға барған кезде өз туыстарыңыз бен жақындарыңызға қай су қоймасында болатыныңызды ескертіңіз. Балық аулауға жалғыз баруға, қараңғы уақытта, кешке дейін отыруға, денсаулыңыз болмай тұрған уақытта, ауа райы қолайсыз кезде  баруға болмайды, жел соғып тұрғанда жағадан алыстауға, бір жерде көп ойық жасауға тыйым салынады.  

Біздің кеңестерімізге құлақ асыңыздар, сонда ғана табиғатпен қауышу қуаныш әкеледі.




Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы

Возврат к списку