Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

БАЛАЛАРДЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫ ҚАУІПТІ

08.01.2019
Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Ясли –сад Болашақ әлемі» балабақшада өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Статистика бойынша Қазақстандағы әрбір бесінші өрт баланың отпен ойнаудың немесе отқа қатысты абайсыздығының нәтижесінде болады. Отпен ойнаудың соңы көбіне қайғылы аяқталады, ал ең өкінішітісі, балалардың көбіне ересектердің, соныңішінде, жақын адамдары ата-аналарының қателігінен зардап шегетіндері. Баланың отпен ойнауы тек өрттудырып қана қоймай, соныменқатар, күю және адамдардың өлімімен сипатталатын қайғылы жағдайларға да жеткізуі мүмкін.

Бұл  неден болады? Ересектер өрт құпиясында жасырынған бар қауіпті түсінбейдіме? Газет, радио және теледидардан болып жатқан апаттық және қайғылы жағдайлар туралы ақпарат аз беріледіме? Бірақ көпшілік тұрғындар бұрынғыша өртқауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамайды, кейбіреулер өзінің жанұясының, жақындарының, қоршаған ортаның алдындағы жауапкершілігін түсінбесе, кейбіреулері шкі мәдениеттің жоқтығынан мамандардың кеңесіне, ұсыныстарына құлақасуға құлықсыздықтанытады.

Балалар үйде ересектердің қарауынсыз қалған жағдайда өздеріне ермекіздейді. Сондай кезде көзіне бірінші болып түскен шырпы ( сіріңке ) өрттің себепшісі болады. Ересектерге ұқсап тәжірибе жасап көргісі келген бала шырпымен қағазжағып, электрмен қыздырылатын құралды электржүйесіне қосып немесе өзбетімен алау жасап көруі де мүмкін. Шырпыны дұрыс қолдана білмеуі кесірінен, бұл жағдай соңында баланың өзіне де, қоршаған ортаға да қайғылы аяқталады. Ересектерден үлгі алатын балалар кейде шылым шегіп көруі де мүмкін. Бұған әрине, баланы үйде қараусыз қалдыратын, шырпыны баланың қолы жетпейтін жерге қоюды білмейтін және оның қауіптілігін түсіндірмейтін ата-аналар кінәлі. Кейде ересектер ошаққа от жағуды немесе газ плитасының жанып тұрған конфоркасын, электр тұрмыстық құралдарды бақылауды тапсыру арқылы балаларды бақытсыздыққа өздері итермелейді.

Әсіресе, балалардың ересектердің көзінен таса жерлерде: құрылыста, шатырда, жертөледе от жағып ойнауы қауіпті болып келеді. Ондай кезде бала бақылаудан шыққан от жалынын көріп, сасқалақтап қалады да, нәтижесінде ауыр жарақаттанады немесе өлімге душар болады.

Бірақ мұндай қайғының алдын – алып, болдырмауға да болады. Ол үшін балаларға әрдайым отпен ойнаудың қауіптілігін түсіндіріп, сіріңкені тұтандырғыш заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерде сақтап, сәбилерді үйде қараусыз қалдырмау қажет.

Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Еңбастысы, Сіздің бүлдіршін жастағы балаларыңыз білуі тиіс: өрт қауіпсіздігінің қатаң ережелерін, отпен ойнау да әкелетін салдарлардың болдырмауын. Бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.

Абай ауданының ТЖБ инженері 
азаматтық қорғау қызметінің 
лейтенанты Ч.И.Тусупханов

Возврат к списку