Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Халықпен профилактикалық жұмыс жалғасуда

07.11.2018
Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлерімен тұрғын секторларындағы өрттер санын төмендету мақсатында халық арасында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.    
Сонымен, 2018 жылғы 29 қазаннан бастап 4 қарашаға дейін 8592 адамды қамтумен тұрғын секторларында 2461 аула аралау, 28 адамды қамтумен 13 халықпен кездесу жүргізілді. Үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 9 мыңнан астам жадынама таратылды. Пешпен жылытуды, электр құрылғыларын және газ қондырғыларын пайдалану ережелері түсіндірілді.  
ТЖД ескертеді! Өрт болмау үшін пешті кірпіш немесе тас негізге орналастыру керек. Пештің түтін құбыры шатырдың немесе қабат аралық ағаш жабуынан өткен жерде кірпіш қалауы қалыңдау болу керек. Қалыңдалу құбырдың ішкі бетіне үйдің жанғыш элементтеріне дейін 38 см-ден кем болмау керек.
Егер пеш алдында ағаш еденнің үстіне өлшемі 50х70 см темір табақ қағып қоймаса, пештің аузынан түскен жанып жатқан көмірден өрт шығу мүмкін. Пештің есігін жауып және үлкендердің қарауымен ғана жағу керек.
Пештің алдына, үстіне, пеш пен қабырғаның арасына жанғыш заттарды қоюға болмайды. Пешті ұзақ жағуға болмайды, өйткені қабырғалар тым қызғаннан жарықшақтар пайда болады, олардан, әсіресе шатырда, шоқтар шығып, оңай жанғыш заттарға түсіп, өрттің шығуына себепкер болады.
Сондықтан түтіндіктің қабырғаларына мұқият саз жағып, ақтау керек. Егер түтіндікте жарықшалар пайда болса, ол бірден көрінеді, өйткені одан күйе шыға бастайды.
Кейбір тұрғындар пешті жағу үшін керосин немесе бензин қолданады, ал ол қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Пешті жаққанда жанғыш сұйықтық лезде жанады, пештен от шығып, өрт пайда болады.
Пеш жағу маусымының алдында пешті және түтіндікті тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарықшақтарды сылап, шатырдағы түтіндікті әктеу керек. Пештерді және түтіндіктерді жөндеуге және салуға мамандырылған адамдарды шақыру керек.

Қарағанды облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы

Возврат к списку