Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

№1 Өрт сөндіру бөліміндегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу

18.04.2018
Бүгінгі күнде басты проблемалардың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Барлық мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар өз құзіреті аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер болып табылады және жемқорлыққа қарсы заңнамалардың бұзылуы үшін толық жауапкершілік артады. Сыбайлас жемқорлық үрдісінің масштабы мемлекеттің толық қауіпсіздігіне және экономикалық тұрақтылығына шынайы қауіп төндіреді. Бірақ сыбайлас жемқорлықтың бірден-бір басты қауіпі ол қоғамда заңның олықтылығы принципін төмендетеді, адамдардың сенімін және әділдік салтанатын кетіреді. Әркім өзі орынында кемшіліктерге қарсы тұра алатынын түсінуіміз қажет.

Қазіргі таңда Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 1 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауды болдырмау мақсатында әрдайым ескету және алдын алу жұмыстарын жүргізіледі. Сонымен қоса № 1 ӨСБ қызметкерлерімен Қарағанды облысы бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған фактілер бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, жеке құраммен психолог-мамандар және кадр жұмыс бөлімі қызметкерлері жұмыс істейді, мұнда қызметкерлермен құқық қорғау органдарына кір келтіретін қылықтарды болдырмау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, атап айтқанда: негативті қоғамдық резонанс тудыратын қоғамға қарсы қылықтарды болдырмау оның ішінде алдында қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену, сонымен қатар басқа ақылы қызметпен айналысу. Сыбайлас жемқорлық көрінуді болдырмау үшін №1 ӨСБ қызметкерлерімен жыл сайын тұрғын жерлері бойынша салық органдарына табыстары және мүліктері туралы декларация тапсырады.

Сонымен бірге, жүргізілетін іс-шаралар шоғырына қарамастан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең қолданыстағы құралы бұл жұмыстағы бірбеткейлік, табандылық және реттілік. Соңында, бұл жұмыс аз тұлғалар ортасынан емес, барлығының және әрқайсысының қолданыстағы заңнамалар талаптарын сақтағанына байланысты.


 Қарағанды облысының ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ № 1 ӨСБ
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау майоры  Абилов Т.К.

Возврат к списку