Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі

09.04.2018
Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының  конференц-залында Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімімен, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және жеке кәсіпкерлік субьектілері қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс –шараға «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ТЖ бөлімінің қызметшілері, жергілікті полиция қызметінің басшылары, прокуратура, № 34 өрт сөндіру бөлімінің, кәсіпкерлер палатасы мен жастар ресурстық орталығының  қызметкерлері, жергілікті «Бұқар жырау жаршысы»  газетінің корреспонденті қатысты.

ТЖ аумақтық бөлімінің бастығы Нұрмұхамед Интуев қатысушыларға  азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жібермеу, күнделікті қызметте тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты жеткізді.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және мемлекеттік қызметшілердің заңсыз байытуды азғыруға қарсы тұруы- бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі басымдықтары. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай:  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алу шаралары жалғасады. Көптеген жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жылда 2500-ден астам адам, оның ішінде  шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшылары жемқорлық үшін сотталды. Осы кезеңде олардан 17 млрд. теңгеге жуық келтірілген залал өтелді.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіндегі халықаралық тәжірибе туралы Бұқар жырау ауданының  Жастар ресурстық орталығының директоры міндетін атқарушысы Е.С. Шингиспаева  айтып берді. Мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелеріндегі бастаманы, Қарағанды облысының  кәсіпкерлер палатасы Бұқар жырау аудандық филиалының директоры Ж.Х.Азылханов жасады.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушыларға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызметпен дайындалған «Сыбайлас жемқорлық барлық жерде» бейнеролигі көрсетілді.  

 Владимир Малышкин
Бұқар жырау ауданының
ТЖБ бас инженері
азаматтық қорғау капитаны

Возврат к списку