Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сәтбаев қаласының ТЖБ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық бойынша дөңгелек үстел өтті

19.05.2016
Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің шақыруымен Сәтбаев қаласы бойынша ҚСжАЕ саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры 2-ші сыныпты заңгер Е.Мұраттың қатысуымен ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында Сәтбаев қаласы бойынша ҚСжАЕ саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры 2-ші сыныпты заңгер Е.Мұрат 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі талаптарымен таныстырып, жемқорлықпен прокуратура, ҰҚК, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ғана емес, барлық мемлекеттік қызметтер күресу керектігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Әрбір азамат мемлекеттік қызметке тұрғанда өз атына тіркелген кәсіпті сенімді басқаруға беріп, одан түскен табыстарды алуға және меншікті пәтерді заңды түрде жалға беруге болатынын айта кетті.

Содан соң бөлім бастығының міндетін атқарушы А. Е. Тоқсеитов отырыстың қорытындысында сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылған адамның өзіне ғана емес, басшыларына, туыстарына және балаларына да кесірі тиетінін айтты. Сондықтан заңға қайшы бір нәрсені істер алдында жақсылап ойлану керектігін айтты. 

«Біздің қатарымызда сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» деп айтамыз.


Сәтбаев қаласының ТЖБ
бас маманы азаматтық қорғау капитаны
А. Е. Тоқсеитов

Возврат к списку