Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жемқорлыққа қарсы күрес

22.12.2014
Біздің мемлекетіміздің дамуында негізгі басымдылықтың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл және аяусыз күрес жүргізу болып табылады. Бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған елдердің ішінде Қазақстан бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын қабылдады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

1979 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 34-ші сессиясында бірінші рет сыбайлас жемқорлықтың заңды түсінігі қалыптастырылды. Бұл құбылысты былай анықтады: лауазымды тұлғаның лауазымды нұсқауларды бұзу немесе оларды бұзбау арқылы ақшалай немесе басқа да қаражат үшін, ақшалай берген тұлғаның мүдделерiн орындау үшін өзінің өкілеттігінде қандайда бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар, мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдар жауапты болады.

Сонымен, тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

Басымды сипаттардың бірі халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сабырсыздықты қалыптастыру болып табылады. Бұл барлық мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың ерекше бақылауларында болуы тиіс.

Өртке қарсы қызмет капитаны  Ж.Т.Жангельдин
ӨСБ-40 қарауыл бастығы

Возврат к списку