Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сауда кәсіпорындарымен дөңгелек үстел

18.08.2014
Ағымдағы жылдың 13 тамызында Қарағанды облысының ТЖ департаментінде бастықтың орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі А.Н.Қылдыбаевтың төрағалығымен сауда кәсіпорын иелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып Қарағанды қ. прокуратурасының өкілдерін шақырылып өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сауда орталықтарындағы қауіпсіздікті қамтамассыз ету, өртке қарсы қызметі және қала кәсіпкерлерінің өзара байланыстарын жеке кәсіпкерлік нысандарына қысым жасау мәселелерін төмендету үшін нығайту, сондай-ақ мораторий кезіндегі мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібін қарастыру мәселелері көтеріледі.

ТЖД Өртті мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі С.А.Коваленко қатысушыларға Қарағанды облысы және Қазақстан Республикасындағы орын алған өрттерге шолу жасады. «Жыл сайын ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен және Кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып, сауда нысандарында өрттін алдын алу және болдырмау мақсатында үлкен жұмыс атқарылады, соның ішінде кездесулер, «дөңгелек үстелдер», сауда кәсіпорындарының қыметкерлерімен нұсқама жұмыстары, өрт қауіпсіздігі туралы жаднамалар тартылады. Осыған қарамастан аталмыш кәсіпорындарында өрттер орын алып жатыр, демек бұл сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігі мәселелерінің болуы. Аталмыш өрттердің зардабын зерттеу барысында көп жағдайда үлкен аумаққа өрттің таралуына нысандағы қызметкерлердің біліксіз әрекеттері, соның ішінде қауіпсіздік қызметі мен күзет» - деп мәлімдеді С.А.Коваленко.
Қарағанды қ. ТЖБ ӨМББ бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі В.С.Покрашенко сауда кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігінің шаралары және Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзуы үшін жауапкершілік туралы баяндады.

Өрт каіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерге нысандарда өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындауды ұсынды. Олар жұмыскерлердің өртке қарсы тәртіптемесін сақтауын байқайды. Және өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаманы жасауға ұсыныс берілді.

Сонымен бірге, кәсіпкерлерге мораторий кезінде мемлекеттік органдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібі жеткізілді.

Соныен қатар, шара кезінде қатысушыларды қызықтырған сұрақтар талқыланды.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку