Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр жұмыстары бойынша қызметкерлері жаңадан жұмысқа келген қызметкерлермен кездесіп қайтты

06.06.2014
2014 жылдың 6 маусымында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің  кадр жұмыстары бойынша қызметкерлері казармалық режимде дайындық сабақтарын оқып жүрген жаңадан келген қызметкерлермен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің  кадр жұмыстары бойынша өртке қарсы қызметінің капитаны К.С.Мұсаханова және кіші инспектор Ж.А.Оспанова жиналғандарға өртке қарсы қызметтің тарихына шолу жасады: «жеке құрамында 6 адам, 3 су тасымалдайтын ат жетегі қолды өрт сөндіргіш сорғышпен және 6 жол жүретін аттар бола тұра, толық өрт сөндіруші команда деп есептеуге болмайды. Жауынгерлік күші кем болатын. Тарап кеткен, күрделі өрттерді айтпағанда, азын-аулақ болып жатқан өрттерді сөндіруді де орындап шыға алмайтын. 50-60 шелек суды бітірісімен, су тасымалдайтын ат жетегімен өртті толық сөндірмей 3 шақырым жерге қайта су алуға баратын. Бөшкелерге суды шахтанын құдықтарынан шелектермен құю арқылы толтырылатын. Өрт болған жерлерде су алатын ешқандай сумен жабдықталған құралдар болмайтын (шағын Бұқпа өзені күзетілген ауылдан жеті шақырым жерде ағып жататын). Әрине, су тасымалдайтын ат жетектерін суға толтырғанға дейін, өрт шыққан жер қайта өртеніп, мекеме толықтай жанып кететін. Өрт сөндірушілерді шақырту үшін түрлі техникалық құрылғылар (телефон, дабыл)болмайтын. Кезекші қарауылдың жауынгерлері өрт болып жатқан жерлерді өрт шапағынан немесе халықтардың айтуынан, өрт бақылайтын мұнаралардан біліп отыратын. Сонымен қатар, көп жағдайларда өрттің болғандығын келесі күндері ғана білген кездер болған».  

Және де тілдесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңмен «Азаматтық қорғаныс» заңдарына түсіндірме шолу жасап өтті:«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшы-лықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу»-деп кадр жұмысының бастығы ақпаратты айтып кетті.

Кадр жұмысының қызметкерлері жиналғандардың қойған сұрақтарына нақты жауаптарын да берді.

Қарағанды облысының ӨСжАҚЖҚ баспасөз қызметі
кадр.раб-казарма (1).JPGкадр.раб-казарма.JPG

Возврат к списку