Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға тиіс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуі керек

28.02.2020
Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Сыбайлас жемқорлық термині латын тілінен шыққан "соггитреге" сөзі, мағынасы бойынша "мемлекет ағзасының, қоғамдық қатынастардың бұзылуы" дегенді білдіреді, "сатып алу" терминінің мәні ретінде - әдетте лауазымды адамның өз биліктік өкілеттіктерін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын алдау, қорқытып алу, сөзбұйдаға салу жолымен, заңнамаға және моральдық нормаларға қайшы келетін пайдалануын білдіретін термин.
Сыбайлас жемқорлықты егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл қызмет жағдайын жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің бірі пара болып табылады.
Пара деген не? Бұл лауазымды адамның басқа тұлғадан өзі атқаратын лауазымына байланысты қандай да бір көрсетілетін қызметтер, ақша немесе өзге де игіліктер алуы. Бұл ретте аталған ақша мен игіліктерді әрдайым пара алушы ала алмайды, көбінесе олар оған жақын адамдарға немесе жалған ұйымдарға берілуі мүмкін.
Мыналар пара болуы мүмкін:     
Заттар - ақша, оның ішінде валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашиналар, пәтерлер, саяжайлар және қала сыртындағы үйлер, Тамақ өнімдері, тұрмыстық техника мен аспаптар, Басқа да тауарлар, жер учаскелері және басқа да жылжымайтын мүлік.
Қызметтер мен пайда - емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаториялық және туристік жолдамалар, шетелге сапар, ойын-сауық және басқа да шығындарды тегін немесе төмендетілген құны бойынша төлеу.
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, не сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы анық ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату үшін қажетті шаралар қолдануға тиіс. Қажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік органның басшылығын хабардар ету жатады.
Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету әрбір қызметкердің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құбылыстарына нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында азаматтық қорғау органдарында тұрақты негізде жеке-түсіндіру жұмыстары, "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында дөңгелек үстелдер, кәсіби, қызметтік дайындық сабақтарында жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының баптары, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қарастырылады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және олардың салдары туралы бейнероликтер, фильмдер көрсетіледі. Бұдан басқа, қызметкерлер бас бостандығынан айыру орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қамаудағыларды ұстау шарттарымен таныстырады, колонияға экскурсия жүргізеді. Бұл жұмыс мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған.
Осындай сабақтарда алған және көрген білімдердің өмірде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне араласпауға көмектеседі деп сенгіміз келеді.

Рахимбекова С.Б.
Қарағанды қаласы ТЖБ
ЗЗҚҚАжАҚСБТ бас маманы
                                                

Возврат к списку