Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жемқорлыққа жол «ЖОҚ»

24.01.2020
  Біз әрқайсымыз жемқорлықтың не екенін білеміз. Әлемдегі мемлекеттердің барлығы осы зұлымдыққа тап болып жатады, біздің Республикамыз да солардың қатарына кіреді. 
      Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне аса назар аударылады. Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қызметтің басым бағыттарының бірі деп жариялады және жан-жақты  күресуде.
      Кеңес үкіметі кезіндегі  бұрын-соңды болмаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасы көптеген елдерге үлгі болды. Біздің тәжірибеміз зерттеліп, қабылдануда.
      Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері зерттеп, жүзеге асыруда.
      Осы мақала арқылы мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық туралы есеп беру бөлігінде азаматтарға қоятын талаптарын біздің ауданымыздың халқына жеткізгім келеді.
      Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 23-бабына сәйкес, жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте келесі шараларды қолданады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша  белгілі болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілері туралы хабар беру;
      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес:
      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты бар адам өзі қызметкер болып табылатын мемлекеттік органның немесе ұйымның басшылығына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды.
      2. Мемлекеттік органның, ұйымның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы алынған хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.
      3. Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы күресте басқаша көмек көрсеткен адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қолдауға ие болады..
      Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық туралы жалған ақпарат бергендерге, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатын адамдарға қолданылмайды.
      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмектесетін тұлға туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен беріледі. Бұл ақпаратты жаю заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
      Жоғарыда айтылғандардың барлығы -  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін азаматтарға қойылатын талаптар. 
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесінде мемлекеттік органдардың әрекеттері жеткіліксіз, сондықтан бұл әр азаматтың міндеті болуы тиіс.
      Біз мұндай жағымсыз іс-әрекеттерді тек бірігіп қана шеше аламыз.
  Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, 1402 (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сенім телефоны) немесе 1424 (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталығы) телефонына хабарласыңыз!

 Нұрлан Шәкенов, 
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
кадр саясаты бөлімінің бастығы

Возврат к списку