Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қаражал қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26.09.2019
     Қаражал қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының  конференц-бөлмесінде Қаражал қаласының ТЖ бөлімімен, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің және жеке кәсіпкерлік субьектілері қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді.   
     Іс –шараға «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ТЖ бөлімінің қызметшілері, жергілікті полиция қызметінің басшылары, прокуратура, № 16 өрт сөндіру бөлімінің, кәсіпкерлер палатасы мен жастар ресурстық орталығының  қызметкерлері, жергілікті «Қазыналы өңір»  газетінің тілшісі қатысты. 
     ТЖ аумақтық бөлімінің бастығы Ерлан Абеев  қатысушыларға  азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жібермеу, күнделікті қызметте тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты жеткізді. 
     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  ісіндегі  халықаралық тәжірибе туралы Қаражал қаласының « Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары  А.К.Мауленина  айтып берді.  Мемлекеттік қызметкерлердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелеріндегі  бастаманы,  Қарағанды облысы  Қаражал қалалық  маслихаттың  хатшысы З.Қ.Оспанова  жасады. 
     Дөңгелек үстелдің соңында қатысушыларға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызметпен дайындалған «Сыбайлас жемқорлықты жеңудің жолы -Бірлікте» бейнеролигі көрсетілді.   


    Қаражал қаласы  ТЖБ
    азаматтық қорғау подполковнигі Абеев Е.Т

Возврат к списку