Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Президенттің Жолдауы

26.09.2019
Балқаш қаласының "НұрОтан" партиясының қалалық филиалының мәжіліс залында, "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Секербекова Бибигуль Мәжитқызы төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты-Балқаш қаласының азаматтық қорғау қызметкерлерін Президент Жолдауының идеяларымен және міндеттерімен таныстыру, құқық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы жұмыстары жүргізілуі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шарттары  ақпараттық қолдауы және насихаттауы.
Жиналысқа Балқаш қаласы ТЖ Басқармасының, "ӨС және АҚЖҚ" ММ 5-МӨСБ және "ЖҚЖ" ҚБ қызметкерлері қатысты.
"Нұр Отан" партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Секербекова Бибигүл Мәжитқызы Қазақстан Республикасының саясатын дамытудағы басты басым бағыттарды атап өтті.
Қалалық мәслихат депутаты Пшенбаев Берік Рамазанұлы іс-шараға қатысушыларды елді одан әрі жаңғырту жөніндегі негізгі міндеттермен таныстырды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған барлық бағыттарға қысқаша сипаттама берді. Жолдауға сәйкес ҚР саясатының әрбір басым бағытының мазмұны.
Балқаш аймақтық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Қалықбекова Шолпан Аманқызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізудің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен қатысушыларды таныстырып, осы жобаның маңыздылығын атап өтті және МӘМС барлық оң сәттерін түсіндірді.
Қорытындылай келе, Балқаш қаласы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Хабдулин Бауржан Бимурзаевич осы жиналыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың негіздерін түсіндіріп, бүгінгі таңда демократиялық қоғам құрудың басым міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылатынын атап өтті.


Балқаш қаласының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты И. Ерланов

Возврат к списку