Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жемқорлық деген не, оған қарсы заңдар қандай?

05.09.2019
     ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ(Қарағанды қаласы) ММ №7 ӨСБ Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттарын әрқашан қолдауда. Сол себепті  №7 ӨСБ қызметкерлерімен жиі жиындар өткізіліп, арнайы прокуратура қызметкерлері келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақ-жауап алмасулар болып тұрады. Қазіргі өркениетті заманда жемқорлықпен күресу әрқашанда маңызды болып қала береді. Ендігі кезекте сыбайлас жемқорлықтың шығу тегіне және ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарына тоқталып өтсек.
     Сыбайлас жемқорлық – (лат. corruptio - сындыру, құрту, бүлдіру) қоғам игілігі мен мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіретін, жеке мақсаттарға жетуге олжа, артықшылық алу үшін мемлекеттік билікті, лауазымды, мәртебені асыра пайдалануда көрінетін этикалық және құқықтық бұзушылықтардың жиынтығы бар әлеуметтік құбылыс.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы,  сонымен қатар заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын, сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттердің өзге заңдарымен қарастырылатын іс-әрекет.     Мыңжылдықтар тоғысындағы тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғаны мәлім. Өз кезегінде, Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті етіп қойып, мәселені күн тәртібіне жиі шығаратын болды. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде еліміздің көшбасшылық жағдайды иеленіп отырғаны кездейсоқ емес. 1998 жылы Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды бірінші болып қабылдады, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттары белгіленді. Оның жүзеге асырылуына 10 жылдай уақыт өтті. Содан бері заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заман талабына сай күресудің жаңа жолдары қарастырылды. Алайда осы заңға дейін де ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты бірқатар нормативтік актілерге қол қойған. Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске арналған бірқатар жарлықтар бұл бағыттағы жұмыс сабақтастықта, өскелең түрде жүріп жатқандығына дәлел. Сөйтіп, 1992 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің ұйымдастырушылық және өзге де алғышарттарын қалыптастырды. Осындай қылмысқа ықпал ету шаралары айқындалды, оның ішінде тәртіптік, мүліктік және әкімшілік сипаттағы қылмыстың алдын алу шаралары. Жарлықта республикамызда қылмыстық кәсібиліктің нығайып, ұйымдасқан сипатқа ие болып келе жатқандығы, баяндалады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксенбург, Ирландия, Германия, Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады.
Израиль сыбайлас жемқорлықтан жеткілікті түрде ерікті мемлекеттердің бірі болып саналады. Ондағы жемқорлыққа қарсы күрес, Нидерланды елінде қолданылатын шараларға қоса, «мониторинг жүргізудің белгілі қайталануы» жүйесі арқылы жүргізіледі. Израильде шенеуніктер үшін едәуір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған және сыбайлас жемқорлық анықталған жағдайда олар қатаң жазаланатындықтан, төмен деңгейлі жемқорлық жоқ дерлік. Оның себебі, бұл елдерде мемлекет көп ғасырлы күрес нәтижесінде құрылған. Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнама күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни қылмыстық-құқықтық қана емес, қолдану жағына қарай және жемқорлықтың алдын алу жағына қарай дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау, Қазақстан үшін тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған мемлекеттің жоғарғы басшысының күшті саяси жігері және соның негізінде құрылған мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат. Екіншіден, мемлекеттік әкімшілік жүйесінің бәріне азаматтық қоғам жағынан ұйымдастырылған әлеуметтік бақылау және құқық бұзушылардың қылмыс жөнінде іс қозғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.Үшіншіден, билік жүргізуге ие тұлғалардың, мемлекеттік қызметкелердің қызметінің тазалығы жөніндегі мониторингті жүзеге асыруы, тәуелсіз органдардың алдында қатаң есеп беруі.

№7 Өрт сөндіру бөлімі

Возврат к списку