Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жадынама

18.04.2019
Қарағанды облысы ТЖ департаменті және оның ведомствалық бағынысты мекемелері қызметкерлері арасында 2019 жылы 21 ақпанда «Мемлекеттік қызметкерлермен сыйлық беру және сыйлықтарды алу, пара беру және пара алуға жол бермеуді түсіндіретін жадынама» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жадынамабайқауы жарияланды.
Конкурстың мақсаты ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту, ішкі істер органдарының оң имиджін нығайту және қоғамның сенімін арттыру болып табылады.
Өздеріңіз білетіндей, 2019 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Жастар жылы" деп жарияланды, осыған байланысты байқаудың негізгі идеясы - Департаменттің жас қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру үшін қатыстыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту, мәдени және рухани деңгейін арттыру.
Конкурстық жадынамалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа сәйкес болуы, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, тәрбие жұмысы, патриоттық рухтың элементтері болуы, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыруға және қолдауға ықпал етуі тиіс. Конкурс шарттарының бірі жаднамаларды  жеке жасау болып табылады.
2019 жылдың 18 сәуірінде комиссия байқау тақырыбына сәйкестігі, мәнерлеп және түпнұсқалық авторлық шешім, тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарас, орындаудың жоғары көркемдік және эстетикалық деңгейі, тақырыпты ашу өзектілігі мен тереңдігі талаптары бойынша 44 жадынаманы қарап шықты
Қазылар алқасы құрамында ТЖД қызметкерлері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А. Е. Сақтапберген болды.
Жеңімпаздар туралы қорытынды шығарылғаннан кейін қосымша хабарланады.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі

Возврат к списку