Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

19.03.2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша елімізде тәуелсіздік жылдары үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасы посткеңестік кеңістікте алғашқы елдердің бірі болып "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңды қабылдады. Барлық мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өз мойнына алды, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болды.
Пара алуды ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмысы ретінде қарастыра отырып, осы әрекетке қатысушы адамдардың шеңберін айқындағым келеді. Бір жағынан бұл заңсыз сыйақы алатын мемлекеттік қызметші,ал екінші жағынан бұл өз мәселелерін шешу үшін заңсыз ақшалай сыйақы беретін адам. Оларды пара алғандар мен пара бергендер деп бөлеміз. Бұл ретте пара берген адам (егер пара алған адам тарапынан қорқытып алу белгілері болмаса), мемлекеттік қызметшіні қорлайды, оның байлыққа және әдемі өмірге табиғи құмарлықтың ықпалымен сіңірілген нанымдар мен қағидаттардан ауытқуына себеп болады. Олардың қайсысы кінәлі бұл мәселе риторикалық. 
Бүгін пара бергендер туралы әңгімелегім келеді және біз "тұрмыстық жемқорлық"атты мақала тақырыбына келдік.
Тұрмыстық жемқорлық - бұл адам өз сұрақтарын шешкен немесе пара немесе қатынас арқылы шешімін тездетуге тырысқан кезде. Мысалдар көп және олардың барлығы белгіленген ережелерді сақтауға ниетпен байланысты. Адамдар анықтамаға кезекте тұрғысы келмейді, сынақ пен емтихан тапсыруға, жол жүру ережелерін сақтауға, тұрғын үйге немесе балабақшаға кезекке тұруға тілек білдірмейді. Яғни сұраныс ұсыныстар тудырады.
Кез келген мәселелерді қарым-қатынас арқылы шешу біздің көптеген азаматтар үшін қалыпты жағдай болды, ал бұл бүкіл қоғамның моральдық ұстанымдары үшін орасан зор залал. 
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі науқанды кеңейту қажет, атап айтқанда бұл туралы мектепте, университетте, өндірісте, дін мен т.б. жерлерде айту қажет.
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оның ішінде азаматтардың санасын өзгерту жолымен біздің қоғамымызда осы зұлымдық толық жойылғанға дейін біздің жалпыға ортақ идеологиямыз болуға тиіс. 

Қарағанды облысының ТЖД бастығы 
азаматтық қорғау полковнигі 
И. Д. Күлшімбаев

Возврат к списку