Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік мәселе

21.02.2019
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол — әлеуметтiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол — сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгiнгi күнгi күрделi мәселесi болып отыр. Үлкен әлеуметтiк қасiрет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бiр-бiрiне ұқсамайтын әлемдегi барлық елдердiң қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық билiктi және оның мүмкiншiлiктерiн қолдана отырып, барлық қоғам мүддесi үшiн емес, жеке тұлғалар немесе адамдар тобының мүддесiнде қолданылады деп күтiлуде.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесiн баяулататын және демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсер ететiн, елдiң даму болашағына айтарлықтай қауiп төндiретiн құбылыс.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесiне аса назар аударып, «2050-Стартегиясында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды нығайтуға бағытталған бiрнеше бастапқы мәселелердi алға тартты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттiк стратегиясының жүзеге асырылуы мемлекеттiң әлеуметтiк, экономикалық және саяси тұрақтылығын қатайтып, жеке азаматтардың немесе қоғам құқығының, бостандығының, заң мүдделерiнiң қорғалуы жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған жасағының жоспарлаған жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша iс-шаралар жүргiзiлуде. Ол дегенiмiз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды оқу, «дөңгелек үстелдер» өткiзу.
Бiздiң қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жiгерiн бiрiктiрiп, осы дерттiң одан әрi ушықпауы үшiн, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиiмдi түрде қарсы тұруға болады.

МЖ басшылығы

Возврат к списку