Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде оқыту семинары өткізілді

09.02.2019
2019 жылғы 9 ақпанда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының төрағалығымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасы прокурорының қатысуымен облыстың барлық инженерлік-инспекторлық құрамымен «Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру сұрақтарын реттейтін нормативтік-құқықтік актілердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды негізгі талаптары және заңдылықты сақтау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар, тәртіпті және заңдылықты сақтаудың негізгі талаптары, мемлекеттік бақылау саласындағы нормативтік-құқықтік актілер талаптары қосымша жеткізілді, өртті мемлекеттік бақылау инспекторларының жұмыс принциптері қарастырылды. Бақылаудағы объектілердің тізімін құруға, тұрғын секторда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. 2018 жылғы кезеңде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде инспекторлық құраммен жіберілетін негізгі жетіспеушіліктер қарастырылды. Қосымша әкімшілік заңнамалары талаптары, құжаттарды реттеу және ақпараттық жүйеге мәлімететтерді енгізу түсіндірілді. 

Өткізілген семинар қортындысы бойынша мемлекетік бақылауды жүзеге асыратын бөлімше басшыларына және жеке құрамға тексеріс жүргізу кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтауға, қызметкерлерді тәртіптік жауакершілікке тартуға негіз болатын бөлімшенің қызметтік жұмысында анықталған бұзушылықтарды ендігәрі болдырмаға тапсырма берілді.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы 
бақылау және профилактикалық қызмет 
басқармасының бас маманы  
азаматтық қорғау капитаны Аблаева С.Н.

Возврат к списку