Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» дөңгелек үстелі

02.06.2018
Сыбайлас жемқорлық  үнемі қадағалауды, жүйелік тәсілді, кешенді және жедел әрекет етуді талап ететін  заманауи қоғамның теріс құбылысы. 

 Елдегі бар сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізеді, елдің кескінін, Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасқа деген халықаралық қызығушылықты  төмендетеді. 

Осыған орай сыбайлас жемқорлықпен күрес, Қазақстанның мемлекеттік  саясатының негізгі басымдылықтары болып табылады. 

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының  конференц-залында, Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің арасында алдын алу жұмыстарының жетілдіруіне  бағытталған  дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс-шараға ТЖ, ІІБ, прокуратура қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы филиалының және кәсіпкерлік палатасының мамандары, жергілікті «Бұқар жырау жаршысы» газетінің корреспонденті қатысты. 

Аумақтық ТЖ бөлімінің бастығы Нурмухамед Интуев қатысқандарға азаматтық қорғау органдарының құрылымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жібермеу, күнделікті қызметте тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету туралы ақпаратты жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауының «Индустриалдық  трансформация, қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы күрес» бесінші басымдылығын жүзеге асыру шеңберінде, ауданның  өртке қарсы қызметі гарнизонының жеке құрамының арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін жібермеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. 

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселесін талқылау барысында іс-шараға қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік кодекстеріне енгізілген түзетулер талқыланды. 

Дөңгелек үстелдің аяғында «Біз болашақты жемқорлықсыз құрамыз» Республикалық акциясының шеңберінде Қарағанды облысының ТЖ Департаментімен дайындалған бейнеролик көрсетілді. 

Мақпал Қапыш
Бұқар жырау ауданының 
ТЖБ инженері
Азаматтық қорғау кіші сержанты

Возврат к списку