ТЖД қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу туралы хабардар ітті
09.11.2018

Ағымдағы жылдың 9 қарашасы Қарағанды облысы ТЖ департаментінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. ТЖД жеке құрамының алдында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша ҚР Агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қарағанды облысы бойынша басқармасының бас маманы Бурханов Олжас сөз сөйледі.
«Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты міндет - оны алдын-алу үшін мемлекеттің қызметі.
Алдын алу - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы тұрудың негізі. Бүгінгі күні Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпымемлекеттік мәртебеге ие болды, сыбайлас жемқорлықты шектеу және оны тоқтату үшін қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде », - деп Б. Бурханов өз сөзінде атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу оның салдарына қарағанда әлдеқайда тиімді. Осыған байланысты, ТЖ департаментінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру үшін үнемі түрлі іс-шаралар өткізіледі: семинарлар, дәрістер, кездесулер, әңгімелер және тағы басқалар.
Қарағанды облысының ТЖД Баспасөз қызметі