Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес

24.10.2018
Сыбайлас жемқорлық тұрақты түрде мұқият зерделеуді, жүйелік тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі заманғы қоғамдағы жағымсыз құбылыс болып табылады. Орын алып жатқан сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы елдің экономикалық дамуын тежейді, инвестициялық ахуалға жағымсыз әсерін тигізеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен іскер болуға деген халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің еліміз үшін негізгі басымдылық болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық яғни коррупция термині латынның «соггитреге» сөзінен шыққан «мемлекет жүйесін, қоғамдық қарым қатынасты бұзу» деген мағынаны білдіреді, лауазымды адамның заңға және моральдық нормаларға  қайшы алдау, бопсалау, құйтырқы іс әрекеттері арқылы өзінің билік өкілеттігін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын жеке басының пайдасы мақсатында пайдалану «параға сатып алу» термині сияқты.

Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық мемлекеттік саясатқа тығыз байланысты, экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайларындағы Қазақстанда біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қажеттілігі айқын көрінеді.
Стратегияда көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары :
- мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру;
- қоғамдық бақылау институтын енгізу;
- мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет;
- құқық қорғау және сот органдарындағы сыбайлас жемқрлықтың алдын алу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсылық мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Сондықтан басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылар қол астындағы әрбір қызметкермен сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау туралы жеке түсіндіру жұмыстарын өткізіп тұрады. Қызметкерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың салдары жайында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі туралы түсіндіріледі.  Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасағаннан кейінгі салдары жайында айтылады, адам баласы бір ғана жағымсыз әрекет жасау арқылы қолындағы барлық игіліктерінен айырылуы мүмкін, атап айтсақ: пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, лауазымды адамның өкілеттігін пайдаланғаны үшін, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, қызметтік жалғандық жасау, қызметтегі ұқыпсыздық, әрекетсіздік үшін.  Құқық қорғау органдарының әрбір бөлімшелерінде көрнекі жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттайтын ақпарат орналастырылған

Құқық қорғау органдары басшыларының мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік» шыдамдылық атмосферасын құру жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа барлық жеке құрамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
 
Ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Елбасы үнемі еске салып отырады,
біздің бәріміздің бір ғана қамымыз - қазақстан халқының әл-ауқаты, және бір мақсатымыз - Отанымыздың гүлденуі. Бүгін, халқымыздың бірлігінің арқасында елдегі тұрақтылық өркендеп, экономика және сәйкесінше азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда



Сенім телефоны:
«ІІМ біріңғай сенім телефоны» абонентттік номер  -1402-
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік істер бойынша агаенттігі  
8(7212) 90-94-48; 90-94-42
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті  8 (7212) 51-89-37
ҚР Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
8 (7212) 42-93-39
Қарағанды облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі»ММ
8 (7212) 41-17-50
                                          
Теміртау қ. ТЖБ







Возврат к списку