Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қарағандылық құтқарушылар өртсіз демалыстарға шақырады

29 маусым 2018
28 маусымда Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Өрт-техникалық орталығында жазғы мектеп жанындағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар үшін Ашық есік күнін өткізді. Бұл өрт күзетінің мұражайына келіге болатын жалғыз бір күн емес – экскурсия жүргізушілері күн сайын келушілерді қабылдайды. Қонақ саны мектеп демалыстары кезінде көбейеді. Іс-шаралардың мақсаты – төтенше жағдайлардан және оқиғалардан балалардың өлімін және жарақаттануын алдын алу, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын тәрбиелеу, сонымен қоса өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын әйгілеу. Экскурсия елдегі және облыстағы өрт сөндіру күзетінің тарихымен басталады. Мұнда нағыз өрттен алынған экспонаттарды, өрт-техникалық құралдары жабдықтарын көруге болады. Мұражай сөрелерінен ғимаратта және құрылыста өрт шыққан жағдайда қорғануға арналған заманауи құралдарды да көруге болады. Мұнда өрттің алдын алуға, өртпен күресу әдістеріне арналған аранайы бөлімдер бар. Мұражайдың бөлек бір тарауы балаларға арналған. Ол жерде балалардың ең үздік өрт сөндіру жұмысына арналған жұмыстары қойылған, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, өрт сөндіру қалқаны, суреттер және т.б. Жеке бір стенд қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған. Барлық экспонаттарды көріп болған соң, келушілерге фильм көрсетіледі. Фильмдер жинағы әр түрлі жастарға арналған, мұнда өртке қарсы қызметтің тарихы, батырлар, өрт профилактикасы, үйретуші мультипликациялық бейнематериалдарды байқауға болады. Ашық есік күні өрт сөндіру мұражайына 70 аса оқушылар келді. Оқушылар көрме залын аралап шыққан соң, №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға өрт сөндіру құрылғылары жайында айтып берді, балалар өз кезегінде өрт сөндіру көліктеріне отырып, нағыз өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін киіп көрді. Бұндай іс-шара үлкен профилактикалық көмегін көрсетеді. Үлкендер ғана емес өсіп келе жатқан жас жеткіншектер де төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз әрекет етуді үйреніп, өрттердің санын азайтуға ықпал етеді. Жыл басынан Өрт-техникалық орталығында барлығы 8400 аса адаммен 280 экскурсия өткізілген. Басым көпшілігі жазғы демалыс кезінде балаларжиі келеді. Экскурсия жетекшінің эмоциялары және терең ойлы әңгімелері үйдегі өрт қауіпсіздік туралы ойландырады, сондай-ақ өртпен күресуші мамандығының қиыншылықтарымен таныстырады. Мұражайға кіруі тегін. Экскурсияға 413026 телефон бойынша жазылуға болады. Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі


Кері қайту