Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Өрт қауіпсіздігі бойынша тексерулердің қорытындылары (2018ж. мамыр)

11 маусым 2018
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде облыс аумағында орналасқан білім беру және ғылым объектілері ерекше бақылауда. Жұмыс жоспарларына сәйкес осы санаттағы объектілер жыл сайын өрт-техникалық тексерулерге жатады.
Объектілерді тексерудің басты міндеті өрт жағдайында ғимараттан адамдарды уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өртке немесе тұтануға әкелетін себептерін ашу және жою. Бұдан басқа байланыс құралдары және дабыл жүйесі, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету тексеріледі, өрттің таралуын шектеуге және өрттің пайда болу жағдайында оны табысты жоюға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №246 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 02 мамырдағы №307 біріккен бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтары нысандарының 1- қосымшасы 8-тармағына сәйкес білім беру объектілеріне тексеру жүргізу ерекше тәртіпте, жоспарланатын жылдың  ақпан айынан мамыр айына дейінгі кезеңде жүргізіледі.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен қалыптасқан білім беру объектілеріне екі сатылы модель (1 деңгей – ақпан-мамыр айлары кезеңінде ерекше тәртіпте тексерулер, 2 деңгей – тамыз айындағы бақылау тексерулер) оқу жылының басталуына дейін өрт-қауіпсіз жай-күйіне келтіруге бағытталған. Сондай-ақ берілген модель оқу үрдісіне әсерінсіз, атап айтқанда жазғы демалыс уақытында күрделі өртке қарсы іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Көрсетілген уақыт бойында өртті мемлекеттік бақылау инспекторларымен 728 білім беру объектілеріне  тексеру жүргізілді. Ерекше назар жазғы демалыс орындарына бөлінген (693 мектеп жанындағы лагерь және 12 қала шетіндегі балалар сауықтыру лагері).
Тексерілген объектілерде барлық басшыларға адамдардың жаппай келетін объектілерінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы нұсқау жеткізілді. Объект персоналының өрт сөндіру мәдениетін көтеру бойынша іс-шаралар кешені жүргізілді.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерімен практикалық көмек көрсету тәртібінде білім беру объектілерінің 12304 қызметкері және оқушылар қамтылған өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша және өрт жағдайында әрекеттерге 728 нұсқау жүргізілді. Барлық ұйымдарда өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізілді. 10327 оқушы қамтылып облыстың 412 мектебі қатысқан 5 интерактивті сабақ жүргізілді.
Оқу мекемелерінде 2613 адам қамтылып әртүрлі жастағы балаларға 110 нұсқаулық беріліді. Сол сияқты 3748 адам қамтылып балалармен 139 дәріс және әңгімелесулер өткізілді. Сабақтар өртке қарсы тақырыптарына оқыту слайдтары мен әлеуметтік бейнероликтерді, мультфильмдерді көрсетумен бірге жүрді. 2613 бала қамтылған  барлығы 110 бейнеролик көрсетілді, 2754 адам қамтылып 81 викторина, конкурс,  КТК өткізілді.  
6184 адам қамтылып облыстың өрт сөндіру бөлімдеріне 256 экскурсия ұйымдастырылды. Балалар үшін облыстың ТЖД өрт-техникалық орталығына 112 экскурсия өткізілді. Өртте балалар өлімін және жарақаттануын азайту, білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-түсіндіружұмысын жүргізу мақсатында Қарағанды облысының ТЖД-де өрт жағдайындағы әрекеттер мен отпен балалар ойынының алдын алу тақырыбына иллюстрациялармен «Сабақтар кестесі» плакаты, кітаптарға бетбелгі, «Өрт кезінде мінез-құлық ережелері» брошюрасы,  «Біз өрт сөндірушілерміз!» кітапша-бояу шығарылды.
Білім берудің әр объектісінде эвакуация жоспарларын, өрт және басқа да төтенше жағдайларда әрекеттерді, сондай-ақ өртке қарсы қызметті шақырту тәртібін әзірлеу бойынша практикалық жаттығулар жүргізілді. Ғимараттан адамдарды эвакуациялау және құлақтандыру тәртібі әзірленді, өрт сөндірудің бірінші құралдарын пайдалану бойынша сабақтар өткізілді. Өрт-тактикалық жаттығулар және сабақтар жүргізілді, объектілерге жедел құжаттама түзетілді.
Өткізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан, тексерулер барысында кейбір объектілер басшылары өздеріне сеніп тапсырылған объектіде өртке қарсы қорғауды күшейту және қамтамасыз ету мәселелеріне тиісті назар аудармайтындығы анықталды.
Нәтижесінде 2017 жылғы кезеңде білім беру объектілерінде 10 өрт болды ( «Балқаш сервисколледжі»КММ, Балқаш қ. №5 ЖББОМ КММ, «№9 Гимназия КММ -2 өрт, «Қарағанды индустриалды-техникалық колледжі»КММ, «Айгөлек» Балалар бақшасы, «Ақтоғай ауданының балалар бақшасы – мектеп Кешені базасында Негізгі мектеп (ресурстықорталық) КММ, "Тау-кен колледжі" КММ, Нұра ауданының «Индустралдыжалпы білім беру мектебі»КММ, Ақтас к. «№13ЖЖМ» КММ).2018 жылғы өткен кезеңде 3 өрт болды («Бұқар-Жырау ауданын білім беру болімі» ММ, АҚШ-балалар мектебі «Ассоль» балалар білім орталығы» ЖМ, «№53 балалар бақшасы» КҚМК Қарағанды қ.).
2018 жылғы тексеріс нәтижелері бойынша берілген санаттағы 234 объект ғана өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзусыз жұмыс істейді. Қалған тексерілген объектілерде өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің 1925 бұзушылығы анықталды. Жою үшін бірталай қаржы құралдарын талап ететін күрделі сипатты бұзушылықтардан басқа режимді сипатты бұзушылықтар жіберіледі (эвакуациялық шыға берістер жабылады, уақытша электр желілері монтаждалады, өрт қауіпті бөлмелер норма талаптарына сәйкес келтірілмейді және т.б.). Көптеген объектілерде электр желілері «Электр қондырғыларын құру ережелерінің» талаптарын бұзумен қолданылады. Баспалдақ алаңының есіктері нығыздауыштармен өзіндің жабылуы үшін құрылғылармен жабдықталмаған. Эвакуациялау жолдарының объектілер қатарында жанғыш панельдермен қапталған.
Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің жіберген бұзушылықтары үшін жалпы сомасы 1 млн. 340 мың 799 теңгеге 483 әкімшілік хаттама құрылды.
Анықталған өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің бұзушылықтарын жою үшін барлық бірінші басшыларға тексеріс нәтижелері бойынша ұсынымдар (актілер) ұсынылды. Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің әрбір талабын талқылаумен жеке кездесулер өткізілді, оларды орындау мерзімдері анықталды.
Көрсетілген фактілер объектілер және жергілікті атқарушы органдар басшылығымен өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті құқықтық актілер талаптарын орындау бойынша шаралар қабылдамағаны туралы куәландырады.
Бақылау тексеріс нәтижелері бойынша (тамыз айы) объектілерді өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келтіру жөнінде іс-шаралар орындалмаған жағдайда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен сот органдары арқылы объектілердің пайдалануын тоқтату бойынша шаралар қолданылатын болады.


Кері қайту