Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

2017 жылдың 12 айына Қарағанды облысының аумағында болған төтенше жағдайлар және оқиғалар туралы ақпараттық шолу

12 наурыз 2018

2017 жылдың 12 айына Қарағанды облысының аумағында барлығы 1973 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 8,2% пайызға көп, 2016 жылы – 1823, соның ішінде 78 техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар өткен жылдың есеп беру кезеңімен салыстырғанда 24% пайызға көп (2016 ж. 63 төтенше жағдайлар тіркелген).

Төтенше жағдайлардың өсуі:

1)  өткен жылмен салыстырғанда табиғи өрттердің саны 10 есеге өскен (2017ж. – 20 ТЖ, 2016ж. – 2 ТЖ);

2)  өндірістік және тұрмыстық өрттер саны 17,1% пайызға өскен (2017ж. – 41 ТЖ, 2016ж. – 35 ТЖ);

Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар барысында 84 адам зардап шекті, өткен жылмен салыстырғанда 2,4% пайызға өскен, 2016 жылы 82 адам. Ағымдағы жылда қайтыс болған адамдар саны 65, өткен жылмен салыстырғанда 8,3% пайызға өскен, 2016 жылы 60 адам. 

Департамент бөлімшелерімен («ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММ) 3709 жедел шығу жұмыстары жүзеге асырылды (2016ж.–3267; +14%), соның барысында – 1147 адам құтқарылды (2016ж.-1276; -10,1%), 4948 адам эвакуацияланды  (2016ж.-3247; +52,4%) және 44 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді (2016ж.-10;  4,4 есеге өскен).

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен дабыл бойынша 2995 шығу жұмыстары жүргізілді (2016 жылмен салыстырғанда 2440 шығу жұмыстары жүргізілген; +23%), оның ішінде:

- тұрмыстық сипатта – 1774 (2016.-1627;   +9%)

- АҚЖ – 1167 (2016ж.-774;  +51%)

          - жол көлігі оқиғалары – 54 (2016ж. – 39;   +39%).

- 858 адам құтқарылды (2016ж.- 923 адам ;  -7,04%)

- 4833 адам эвакуацияланды (2016ж.- 3118 адам; +55%)

- зардап шеккен 40 адамға алғашқы көмек көрсетілді (2016ж.-0; +100%).

Жедел-құтқару жасағымен 714 шығу жұмыстары жүргізілді (2016ж.-827;  -14%), оның ішінде:

-   тұрмыстық сипатта - 163 (2016ж. –  225;  -28%).;

-   авариялық-құтқару жұмыстары - 418 (2016ж. – 466; -10,3%);

-  іздестіру-құтқару жұмыстары - 100 (2016ж. – 102;  -2%);

-  жол көлігі оқиғалары - 33 (2016ж. – 34;  -3%);

         - 289 адам құтқарылды (2016ж.- 353;  -18,1%);

         - 115 адам эвакуацияланды  (2016ж.- 129;  -11%);

         - 4 зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді (2016ж.- 10,   -60%).

Оқиғалардың басым бөлігі өртті құрайды, ағымдағы жылда барлығы 1939 өрт тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда  8,7% пайызға көп, 2016 жылы 1783 өрт болған.

Есеп беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрттің өсуі байқалады, 1364 – оқиғалар тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда  10,3% пайызға өскен, 2016 жылы барлығы 1237 өрт болды. Өрттердің басым бөлігі көліктерде болған, 280 оқиға тіркелген, 2016 жылы 274 оқиға тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда  2,2% пайызға өскен. Ашық аймақтарда өрттердің саны – 64,  18,5%  пайызға (2016ж. – 54 өрт болды), сонымен қатар сауда-саттық объектілерінде өрттің өсуі байқалады, 67 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда  20,2% пайызға азайған  (2016 жылы – 84 өрт болды). Ғимататтарда және өндірістік ғимараттарда – 64 оқиғалар болды, өткен жылдмен салыстырғанда  3,2% пайызға көп, 2016 жылы 62 өрт болған.

          Өрттердің негізгі себебі болып:

1)       Отпен абайсыз болу оқиғалары – 975,  өткен жылдан 25,5% пайызға көп, 2016 жылы – 777 оқиға тіркелген.

2)       Монтаждау және электр құрылғыларын техникалық көшіру ережелерін бұзу бойынша барлығы 509 оқиға тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда (2016ж. - 517)  1,5% пайызға азайған.

3)       Пештерді орналастыру және пайдалану кезінде ӨҚЕ бұзушылығы –– 201 оқиға тіркелді, 2016 жылы 227 оқиға орын алды, өрттер  11,5% азайды.

4)       Қалған өрт оқиғалары әдейі өртеу, технологиялық процессін бұзушылы, өндірістік құрылғыларын қолдана алмау, тұрмыстық электрлік құралдарын көшіру кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б. болып табылады.

Өрттен материалдық шығын өткен жылдан 20,5%, пайызға азайды, 2017 жылдың шығын сомасы 88 219 теңгені құрайды, 2016 жылғы шығын 111 020 теңге құраған. 

4 007 өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзушылық анықталды  (2016ж.-2894,  38,4%  пайызға өскен). Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 1062 (2016ж.- 1167), 9% пайызға азайған, айыппұл түріндегі сомасы 61 533 032 теңгені құрайды;

2017 жылдың ағымдағы кезеңінде облыстың Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасымен 262 107  қоңырау қабылданды, 2016 жылы 143 422 қоңырау қабылданған  +83%  құрайды, оның ішінде:

- негізгі қызмет бойынша «112» нөміріне – 30 361 қоңырау шалынды, 2016 жылы – 5 069 қорырау шалынған ( 6 есеге өскен);

-  «101»-ге - 3 541,  2016 жылы – 683 қоңырау түскен (5,2 есеге өскен);

-  «102»-ге – 22 838, 2016 жылы – 9 416 қоңырау түскен ( 2,4 есеге өскен);

- «103»-ге 6 615 қоңырау түскен, 2016 жылы 5 461 қорырау (21,1% пайызға азайған).

- ақпараттық-анықтамалық сипатта -100 718 қоңырау түскен, 2016 жылы – 13 233 (7,6 есеге өскен);

- басқа да – 98 034 қоңырау, 2016 жылы – 109 560 қоңырау түскен (-11%)

 



Кері қайту