Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Азаматарды жеке қабылдауын ұйымдастыру тәртібі туралы ереже

9 қаңтар 2018

 

1. Азаматтарды жеке қабылдау Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыретіне кіретін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және тұрғындардың маңызды проблемаларын шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру, оның ішінде азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында жүзеге асырылады.


2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде сол органның қызметкерлерін қабылдау, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіппен және Департамент бастығы бекіткен кестеге сәйкес,  Департаменттің орын-жайларында бастық айына кемінде бір рет және оның орынбасарлары апта сайын жүргізіледі. Аталған кесте танысу үшін азаматтарға қолжетімді жерде Департаменттің вестибюлінде орналастырылған.


3. Азаматтарды қабылдау жеке және заңды тұлғаларға хабарланған және белгіленген күндері және уақытта жұмыс орнында, бекітілген азаматтарды жеке қабылдау кестесіне (бұдан әрі- кесте) сәйкес Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Мустафин көшесі, 4 мекен-жайында жүзеге асырылады.

4. Департамент басшылығының қабылдауына алдын ала жазуды және ұйымдастыруды құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын, мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте есепке алатын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауапты уәкілетті қызметкер-маман жүзеге асырады.  Қабылдауға жазылу азаматтар жеке немесе телефон арқылы  жүгінген кезде, жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.00 дейін (демалыс күндерінен және мереке күндерінен басқа) жүргізіледі. Қабылдау  орны және уақыты азаматқа ауызша түрде хабарланады.

5. Департамент басшылығы қабылдау күні болмаған жағдайда  (іссапар, ауырып қалған және басқа да себептер), азаматтарды қабылдау басқа бос қабылдау күніне ауыстырылады, ол туралы қабылдауға жазылған азаматқа алдын ала хабарланады.

6. Жеке қабылдау кезінде азамат жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

7. Жеке қабылдауды жүргізу барысында жеке қабылдауды есепке алу карточкасы толтырылады, оған жүгінген азамат туралы мәліметтер және  ауызша өтініштің мазмұны жазылады. 

 

8. Жеке қабылдау барысында азамат өзінің ауызша өтінішін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар.

9. Егер ауызша өтініште баяндалған фактілер және жағдайлар анық болған және қосымша тексерісті қажет етпеген жағдайда қажетті түсініктемелер және азаматтардың өтініштеріне жауап жеке қабылдау барысында ауызша беріледі, ол туралы азаматтың келісімі бойынша жеке қабылдау карточкасына жазылады.   

10. Егер өтініш лауазымды тұлға жеке қабылдау барсында шешілмеген  жағдайда, жазбаша түрде баяндалып онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі және заңнамамен белгіленген мерзімдерде өтініште қойылған мәселелер бойынша жазбаша жауап беріледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін азаматқа қабылданған шешім, сонымен қатар өтінішті қарау кімге тапсырылатыны және қабылданған шаралар туралы ақпарат беріледі


 11. Жеке қабылдауда азаматтардың өтініші бойынша қолданылған шаралар туралы ақпарат (материалдар), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға танысу үшін жолданады. Лауазымды тұлға материалдарды қарағаннан кейін, ол бойынша қосымша тапсырмалар берілмесе, олар «іске» тігіледі және бақылаудан алынады.


12. Егер өтініште Қарағанды облысының ТЖД құзыретіне кірмейтін мәселелер болса азаматқа қайда, қандай тәртіппен жүгіну түсіндіріледі.   

13. Азаматтарды жеке қабылдау нәтижелері азаматтарды жеке қабылдау журналына жазылады, оны жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асыратын және жауапты маман толтырады. 



Кері қайту