Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия туралы ереже

Жалпы ережелер

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінде консультативтік-кеңестік орган болып табылады және азаматтық қорғау саласында біріңғай мемлекеттік саясатты құру және жүргізу бойынша ұсыныстарды өңдеу мақсатында құрылады.

Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V  «Азаматтық қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы», осы ережені және басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

 

 

Міндеттері, функциялары мен құқықтары

Комиссияның негізгі міндеттері келесі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыдады:

- азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесін жетілдірудің және одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;

- азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдасты-рушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру;

- азаматтық қорғау күштері мен құралдарын құру және дамыту;

- азаматтық қорғау, авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар қызметін үйлестіру.

 

 

Комиссияның негізгі функциялары

- азаматтық қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру;

- ахуалды талдау, шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді қою және орындау;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауын болжауды ұйымдастыру,олардың салдарын азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабарлауды ұйымдастыру;

- тиісті өндірістер аумағындағы (объектілер мен дүлей зілзалалардың туындау мүмкіндігі, олардың  туындау салдарынан экстремальды оқиғалар мен есепті залал қауіп-қатерін бағалау) пайда болуы бойынша ықтимал қауіпті облыс, аудандарын айқындау;

- іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарымен байланысты мәселелерді қарау;

- төтенше жағдайларда  және құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету бойынша облыс аумағында орналасқан әскери бөлімдер қолбасшылығымен, ішкі әскер(полктармен) бригадалармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;

- азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйеге кіретін күштер мен құралдарды тарту құқығымен ведомстволық бағынысты аумақтағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыру.

 

 

Комиссия

 - жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық  мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың және бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

- комиссия отырыстарында кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларының есептері мен ақпараттарын тыңдауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау себептерін жою және өңірдегі (кәсіпорындағы) ахуалды қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау туралы оларға ұсынымдар беруге;

- комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық  мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдардан және бірлестіктерден сұрауға;

- облыстың кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, олар туындаған жағдайда салдарын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұсынуға және олардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыруға;

-  жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық  мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдардың, азаматтық қорғау саласында төтенше жағдайларға қарсы жасалатын шараларды орындауына талдау жүргізу; 

- мекемелермен, кәсіпорындардың басшылары мен келісе отырып олардың мамандарын азаматтық қорғау саласында төтенше жағдайларға талдау жүргізуге қатыстыру; 

- ведомстволық бағынысты әкімшілік аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар жұмысын үйлестіруге;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізуге құқылы.

 

Комиссия органдары

Облыс  әкімі Комиссия төрағасы болып табылады.

Төраға:

-       Комиссия қызметіне басшылық етеді;

-       Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

-       Комиссия мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі және бекітеді;

-       Комиссия жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;

-       Комиссия жұмысының жоспарын бекітеді;

-       Комиссия шешімдерін орындауға бақылауды қамтамасыз етеді;

-       Комиссия қызметінің нәтижесіне жауапкершілікте болады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және азаматтық қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері хатшы болып табылады.

Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай бір тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері хаттамалармен рәсімделеді.

Комиссия хатшысы Комиссияның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

-       Комиссия жұмысының жоспарын жасайды;

-       Комиссия отырыстарының қарауына енгізілетін материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;

-       Комиссия отырыстарын өткізу күні, уақыты және орны туралы Комиссия мүшелеріне хабарлайды;

-       отырыс хаттамасын рәсімдейді;

-       Комиссия шешімдерін орындауды ұйымдастырады және бақылайды;

-       Комиссия жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзге қажетті шараларды қабылдайды.

Хатшы, өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекемелер орындаушыларынан тиісті материалдарды талап етуге құқығы бар.

 

Комиссия құрамы

         Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысы бойынша Комиссия құрамын Комиссия төрағасы айқындайды.

         Комиссия құрамы жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.

 

 

Жұмысты ұйымдастыру

Комиссия өз жұмысын Комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде әзірленген, төраға бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырады.

Комиссияның қарауына материалдарды дайындау бірінші жұмыс жоспарында көрсетілген ұйым жүзеге асырады. Іс-шараларды қоса орындаушылар  жауапты орындаушыға жиынтық анықтама жасау үшін қажетті материалдарды ұсынады.

Анықтама, өзге де материалдар және шақырылатын адамдардың тізімі хатшыға отырыс өткізу күніне дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсырылады.

Комиссия мүшелері материалдарды дайындау және Комиссия хаттамаларын орындау шеңберінде осы органдар құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, материалдар және өзге талдау құжаттарын ұсыну туралы мүдделі органдарға жібере алады.

Хатшы отырыста қарауға жататын материалдардың толықтығы мен сапасын тексереді және Комиссия төрағасына баяндайды. Комиссия төрағасы дұрыс дайындалмаған материалдарды толық пысықтауға қайтарады.

Құжатты мәселені дайындаған  жауапты қызметкер толық пысықтайды және үш күн ішінде хатшыға ұсынады.

Комиссия жұмысына шақырылатын қатысушылар оларды жүргізуге жататын күн тәртібі мәселесі бойынша шешімді талқылауға және әзірлеуге қатыса алады, бірлескен талқылауды және шешімді қабылдауды қажет ететін ұсыныстарды, құжаттар жобаларын және өзге материалдарды келіскен тәртіпте енгізеді.

Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық  қамтамасыз ету облыстық  Төтенше жағдайлар департаментіне жүктеледі.

 

 

Комиссия жұмысының нәтижелері

Комиссияның талқылап және қабылдаған  шешімінің нәтижелері отырыс хаттамасымен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді, отырыс өткізілгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде дайындалады.

Қол қойылған хаттаманы хатшы Комиссия мүшелеріне және мүдделі органдарға жібереді.

Комиссия хаттамасының орындалуы туралы ақпарат  жазбаша түрде хатшыға жіберіледі, ол түскен материалдарды талдап нәтижелері бойынша төрағаға баяндайды.

Хаттаманың орындалуы бойынша бақылауды хатшы жүзеге асырады.



Кері қайту