Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі

13 желтоқсан 2017

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешіммен келiспеген жағдайда жеке және заңды тұлға лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе сот тәртібімен өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымберуге құқылы ("Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабы). 

 Сондай-ақ, арызданушының Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің  (бұдан әрі ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД), (оның аумақтық бөлімшелерінің) лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне және (немесе) әрекетсіздігіне сотқа дейінгі және сот тәртібінде шағым беруге құқығы бар.

 Арызданушы әрекеттер мен әрекетсіздікке шағымдануға құқылы:

 - ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД аумақтық бөлімшелерінің мамандары мен лауазымды тұлғалары жөнінде – Департаменттің тиісті аумақтық органының бастығына;

 - ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД аумақтық органдарының бастықтары, соның ішінде ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасына негізделген шаралар қабылдамауы жөнінде - ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД мамандарын және лауазымды тұлғаларын

 Арызданушы жазбаша немесе ауызша түрде шағымдануға құқылы.

 Арызданушы жазбаша түрде шағымданған кезде өтінішті қарау мерзімі осы өтінішті тіркеу сәтінен бастап 30 күннен аспауы тиіс. Өтініштерді қарау мерзімдері "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8- бабымен көзделген.   

 Өтініштерді қарау және оны сипатына қарай қарауды ұзарту тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

 Арызданушы өзінің жазбаша өтінішінде міндетті түрде өтінішін жолдап отырған органның атауын немесе тиісті лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын немесе тиісті тұлғаның лауазымын,  сондай-ақ өзінің тегін, атын, әкесінің атын (соңғысы - болған жағдайда), заңды тұлға үшін толық атауын, жауап, жаңа мекн жайға жіберу жолдануы тиіс пошталық мекен жайын,  ұсыныстың, арыздың немесе шағымның мәнін баяндайды, жеке қолы мен жазған күнін қояды.  

  Сондай-ақ, өтініште көрсетілуі тиіс: органның атауы, маманның немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның (ақпарат болған жағдайда) лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалып отырған шешім, арызданушының есептеуі бойынша оның құқықтары, бостандығы мен заңдық мүдделерін бұзып отырған жағдайлар,  жасалып отырған кедергілер немесе заңсыз қандай да бір міндеттемелерді жүктелуі, сондай-ақ арызданушы хабарлауға қажетті деп санайтын басқа да мәліметтер.

 Өзінің дәлелдерін растау қажет болған жағдайда арызданушы жазбаша өтінішке құжаттарды және материалдарды немесе олардың көшірмелерін жалғайды.

 Өтінішті қарау қорытындылары бойынша ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД  (оның аумақтық органының) лауазымды тұлғасы арызданушының талаптарын қанағаттандыру немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

 Өтінішті қарау қорытындылары бар жазбаша жауап арызданушыға жолданады.

 Егер жазбаша өтініште өтінішті жолдаған арызданушының тегі және жауап жолдану тиіс пошталық мекен жайы көрсетілмесе, өтінішке жауап берілмейді.

 ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысының ТЖД  (оның аумақтық органдары) мазмұнында әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыстар, немесе мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке төнген қауіп туралы туралы мәліметтер болса және құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік органдарға дереу жолдауға жататын жазбаша өтінішті алу кезінде өтінішті онда қойылған сұрақтар бойынша жауапсыз қалдыруға және ол туралы өтінішті жолдаған арызданушыға хабарлауға құқылы. 

"Электрондық Үкімет" порталы арқылы электронды жолданым жіберу мүмкіндігі туралы ақпарат

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңына, Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар барлық қолжетімді ақпараттық жүйелерді қолданып, электрондық цифрлық қолтаңбамен дәлелденген өтініштерін электрондық үкімет порталы арқылы бере алады. 




Кері қайту