Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

22 қазан 2019
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ Заңы (бұдан әрі - Заң) шеңберінде «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» және «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік қызметтерін алып тастау бөлігінде түзетулер енгізілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысына сәйкес «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» және «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұл ретте, құтқарушыларды аттестаттау сақталады және заңды тұлғаның аттестаттау комиссиясы «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» ІІМ бұйрығына сәйкес (2018 жылғы 11 шілдедегі №507) жүргізілетін болады.
Құтқарушыларды аттестаттауды сақтау оларға белгілі әлеуметтік кепілдіктердің берілуіне негізделген (қосымша демалыс, сыныптылығы үшін төлем, өтемақы және т.б.).
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы қаулысына сәйкес мына мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады:
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау;
2. Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау
3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу).
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілді. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11308 етіп тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Кері қайту