Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қазанда № 14305 болып тіркелді
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, Алматы, Астана қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары кандидаттарды ішкі істер органдарына қызметке қабылдау кезінде осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.
      3. Мыналар:
      1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 522 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8778 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) санында жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 391 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8753 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 4 (28228) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
       5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты 
 М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін. 
      6. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
      ______________ Қ. Қожамжаров
      2016 жылғы 17 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 31 тамыздағы
 № 870 бұйрығына    
 1-қосымша       
   Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық
негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық
аппаратының және ведомстволарының лауазымдары
      Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының экстремизмге қарсы күрес, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бөліністерінің жедел уәкілі, криминалист, инженер.
      Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстық
(республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі)
аумақтық органдарының лауазымдары
      Экстремизмге қарсы күрес, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бөліністерінің аға жедел уәкілі, криминалист, барлық атаудағы криминалист, ревизор, психолог, полиграфолог, инженер, инспектор;
      Жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, ревизор, психолог, полиграфолог, барлық атаудағы инженер және инспектор;
      Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық,
аудандық (қалалардағы аудандардың) аумақтық органдарының
лауазымдары
      Аға: жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, психолог, полиграфолог, барлық атаудағы инженер және инспектор; кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, маман;
      Жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, психолог, полиграфолог, барлық атаудағы инженер, инспектор, маман;
       Учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі; 
      Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының
лауазымдары
Профессор;
Доцент;
Оқу орталығы бастығының көмекшісі;
Бас маман;
Аға ғылыми қызметкер;
Аға: оқытушы, оқытушы-әдіскер;
Барлық атаудағы аға: инженер, инспектор;
Ғылыми қызметкер;
Оқытушы, оқытушы-әдіскер;
Цикл бастығы;
Барлық атаудағы инженер, инспектор;
Маман;
Үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі;
Рота, взвод командирі;
Рота командирінің орынбасары;
Қарауыл, клуб, тир, кабинет бастығы;
Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
арнайы мақсаттағы бөліністерінің лауазымдары
      Шабуылшы, жару технигі, мерген, барлық атаудағы инженер, инспектор, маман;
      Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
саптық бөліністерінің лауазымдары
      Барлық атаудағы инженер және инспектор;
      Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің лауазымдары
      Барлық атаудағы аға инспектор;
      Барлық атаудағы инженер, инспектор;
      Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
   Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
мемлекеттік мекемелерінің лауазымдары
      Аға: жедел уәкіл, диспетчер, барлық атаудағы инспектор және инженер;
      Сотталғандарға арналған аурухана бастығы – дәрігер;
      Сотталғандарға арналған аурухана бастығының орынбасары – дәрігер;
      Жасақ, учаске, медициналық бөлімнің бастығы-дәрігер;
      Мекеме бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары;
      Медициналық бөлімшенің бастығы, медициналық кабинеттің бастығы – дәрігер;
      Кәсіби даярлау мектебінің, Өңірлік оқу орталығының оқытушысы;
      Жедел уәкіл, барлық атаудағы инспектор, инженер;
Дәрігер, фельдшер;
      Қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Ескертпе: ішкі істер органдары өзіндік қауіпсіздік, «Р» және жетінші бөліністерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 31 тамыздағы
 № 870 бұйрығына    
 2-қосымша       
   Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу
кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары
   1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және ішкі істер органдарына (бұдан әрі-ІІО) қызметке орналасу кезінде конкурс өткізу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ ІІО-ға қызметке қабылданушы кандидаттар үшін тағылымдама (бұдан әрі - тағылымдама) ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
       2. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өткен, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған және конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ІІО кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады. 
      3. Конкурс жарияланғанға дейін:
      1) білім беру ұйымына оқуға түсетіндерді қоспағанда, ІІО-ға қызметке алғашқы рет түсетін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өтеді;
       2) ІІО-ның кадр қызметтері Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту туралы сертификаты болған кезде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес азаматтарға қажетті құжаттар тізбесін береді, Заңда белгіленген қойылатын біліктілік талаптарын (бұдан әрі - біліктілік талаптар) түсіндіреді және олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшін ІІО-ның әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жібереді. 
       4. Конкурс бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды: 
       1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау; 
       2) конкурстық комиссия құру; 
       3) азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау; 
      4) кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы;
      5) конкурстық комиссия кандидаттармен өткізетін әңгімелесуі.
      5. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
      6. ІІО қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, сондай-ақ конкурс жарияланған лауазым қысқартылған жағдайларда жарияланған конкурс, оны өткізудің кез-келген кезеңінде ІІО-ның интернет-ресурсында үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде жариялай отырып, тоқтатылуға жатады.
   2-тарау. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау
      7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) орталық аппаратының ведомстволары мен бөліністерінде конкурс өткізу кезінде интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланады. ІІО-ның аумақтық бөліністерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру ІІО-ның интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады.
      8. Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін азаматтарды (қызметкерлерді) жарияланған лауазымдарға тағайындауға (ауыстыруға) конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жол берілмейді.
      9. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді қамтиды:
      1) ІІО-ның орналасқан жерін, пошталық және электрондық мекенжайын, кадр қызметінің телефондары мен факс нөмiрлерiн көрсете отырып, оның атауы;
      2) негiзгi лауазымдық нұсқаулықтарды көрсете отырып, бос лауазымдардың атауы;
      3) бiлiктiлiк талаптарға сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;
      4) құжаттарды қабылдау мерзiмi және орны;
      5) конкурстық комиссияның отырысында бақылаушылардың қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат.
      Конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қайшы келмейтiн қосымша ақпараттарды қамтуы мүмкін.
   3-тарау. Конкурстық комиссия құру
      10. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайтын алқалы орган болып табылады, қатысушылармен әңгiмелесу өткiзедi және ІІО-дағы бос лауазымдарға орналасуға кандидаттар iрiктеудi жүзеге асырады.
      11. Конкурс жариялаған ІІО бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссияны құрады.
      12. Конкурстық комиссия конкурс жариялаған ІІО басшысының бұйрығымен құрылады.
       13. Конкурстық комиссия бестен кем емес мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады. 
      Конкурстық комиссияның хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылықпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
      Конкурстық комиссияның төрағасы болып ІІО басшысының кадр қызметіне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.
      14. Конкурстық комиссия құрамына кадр және заң қызметтерінің, өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің және конкурс өткізетін ІІО құрылымдық бөліністерінің, сондай-ақ оларға орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар аумақтық органдарының басшылары енгізіледі.
      15. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
   4-тарау. Азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың
лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін
алдын ала қарау
      16. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      17. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн ІІО-ның кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті; 
      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын; 
       4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды; 
      5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
       6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде); 
       7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса); 
       8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені; 
      9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;
       10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 
      11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
      12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
      13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
      14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
      Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      18. Кандидаттың құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12834 болып тіркелген) бекітілген ІІО-да әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссия берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы қосады.
       19. Құжаттарды кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарау және зерделеу құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 
      20. Тиісті лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды қарау және зерделеу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарау нәтижелері туралы кандидатқа бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
      21. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберілген кандидаттардың тізімі жалпыға бірдей көрінетін жерлерде ІІО-ның ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ оның интернет-ресурсында құжаттарды қарау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырылады.
      22. Қатысушы конкурстың кез келген кезеңінен өту кезінде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      23. Конкурстық iрiктеуден өтпеген конкурсқа қатысушылардың, сондай-ақ одан әрі тиісті бос лауазымдарға орналастыру үшін кадр резервіне тіркелген кандидаттардың құжаттары конкурстық комиссияның хатшысында (кадр қызметiнде) бір жыл бойы сақталады.
   5-тарау. Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша
нормативтерді тапсыруы
      24. ІІО-ға орналасатын кандидаттар үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.
      25. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберілген кандидаттардың тізімін жариялаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
      Нормативтерді қабылдауды органның кадр қызметінің қызметкері және (немесе) бөліністің кәсіби даярлық жөніндегі инспекторы жүзеге асырады.
      26. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру барысы техникалық бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеледі.
      27. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІО-ға қызметке орналасатын кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосіне енгізіледі, ол нормативтерді тапсыру аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға тапсырылады.
   6-тарау. Конкурстық комиссияның кандидаттармен өткізетін
әңгiмелесуі
      28. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі жалпыға бірдей көрінетін жерлерде ІІО-ның ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ оның интернет-ресурсында дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырылады.
      29. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін жариялаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әңгімелесу өткізіледі.
      30. Әңгімелесудің мақсаты қатысушылардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
      31. Конкурстық комиссия кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау, медициналық және психофизиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру және ІІО-ның тиісті лауазымына біліктілік талаптарының және лауазымдық нұсқаулықтарының сәйкестігі нәтижелеріне сүйенеді.
      32. Әрбiр қатысушымен әңгiмелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегiмен тіркеледі.
      Конкурстық комиссияның техникалық жазу құралдарын қолдануы туралы конкурстық комиссияның соңғы отырысының хаттамасында белгі жасалады.
      Әңгімелесу барысында техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркелген материалдар конкурс аяқталған сәттен бастап кемінде үш ай кадр қызметінде сақталады.
      33. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
       34. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
      35. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      36. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
      37. Конкурстық комиссияның хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
      38. Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері кандидатқа кемінде 5 сұрақтан, оның ішінде әрбір санат (бейінді, ситуациялық, уәждемелік) бойынша кемінде 1 сұрақтан қояды.
      39. Бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатты бағалау парағына енгізіледі.
   7-тарау. Конкурстық комиссияның шешімі
      40. Конкурстық комиссияның шешiмi қатысушының қатысуынсыз ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Егер отырысқа конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысса, оның шешімі заңды деп есептеледi.
      41. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттар және өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде кандидаттардың сәйкестігі туралы шешім қабылдайды.
      42. Егер қатысушыға комиссия құрамында қатысып отырғандардың көпшiлiгi дауыс берсе, ол оң қорытынды алады. Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      43. Әңгімелесу қорытындылары бойынша конкурстық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
       1) ІІО-ға қызметке қабылдауға ұсыну; 
       2) одан әрі тиісті бос лауазымдарға орналастыру үшін қызметке кандидаттарды ведомстволық деректер банкіне тіркеуге ұсыну; 
      3) қызметке қабылдаудан бас тарту.
      44. Конкурстық комиссия қабылдаған шешiм хаттама түрiнде ресiмделедi, оған конкурстық комиссия төрағасы мен мүшелерi, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды. Талқылау барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі.
       45. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған, сондай-ақ одан әрі тиісті бос лауазымдарға орналастыру үшін ведомстволық деректер банкіне тіркелген ІІО-ға қызметке кандидаттардың тізімдері тиісті ІІО-ның ақпараттық стендттерінде, сондай-ақ оның интернет-ресурсына конкурс өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылады. 
      46. Конкурстық комиссия оған қатысты ІІО-ға қызметке қабылдау туралы оң қорытынды қабылдаған қатысушы бастапқы оқудан өткенге дейін арнайы тексерістен және тағылымдамадан өтеді.
   8-тарау. Тағылымдама өткізу
      47. ІІО-ға қызметке қабылдану кезінде кандидаттарға арналған тағылымдама (бұдан әрі – тағылымдама) тиісті лауазымдар бойынша тағылымдамашы болып қабылданған адамдар үшін белгіленеді.
      48. ІІО-ға қызметке кандидатты бастапқы оқудан өткенге дейін тиісті лауазымға тағылымдамашы ретінде тағайындау және оған тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тағылымдама жетекшісін бекіту туралы ІІО басшысының шешімі бұйрықпен ресімделеді.
      49. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашымен еңбек келісімшарты жасалады.
      Тағылымдаманың ұзақтығы кандидат тиісті лауазым бойынша тағылымдамашы болып тағайындалған күннен бастап бір айдан кем болмауы тиіс.
      50. ІІО-ға қызметке кандидаттарға тағылымдамадан өту уақытында еңбек келісімшартына сәйкес штаттық кестеде атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген лауазымдық жалақы төленеді, сондай-ақ арнаулы атақтары жоқ тиісті қызметкерлер санаты үшін белгіленген басқа да төлемдер жүргізіледі.
      51. Бiр тағылымдама жетекшісінен екеуден артық емес тағылымдамашы бiр уақытта тағылымдамадан өте алады.
      52. Тағылымдамашы лауазым бойынша негізгі міндеттерді және тапсырмаларды орындаумен қатар қызмет орны бойынша тікелей бастығының басшылығымен тағылымдамадан өтеді.
       53. Тағылымдама жеке сипатқа ие және: 
       1) дербес теориялық даярлықты; 
       2) кәсіби және ұйымдастырушылық дағдыларды игеруді; 
       3) қызметтік жұмысты ұйымдастыруды зерделеуді; 
       4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін зерделеуді және оларды практикалық қызметте пайдалануды; 
      5) нормативтік құқықтық актілердің және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуды көздейді.
      54. Тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру кандидат лауазым бойынша тағылымдамашы ретінде қызметке тағайындалған ІІО-ның қызметтері мен бөліністерінің басшыларына жүктеледі.
      ІІО-ның қызметтері мен бөліністерінің басшылары:
      1) тағылымдама уақытын (кезеңін), орнын, тағылымдамадан өтушілердің санын, тағылымдама жетекшілерін айқындайды;
      2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдаманың жеке жоспарын және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдама кезеңінде атқарылған жұмыс туралы есепті бекітеді;
      3) тағылымдама жетекшілерінің және тағылымдамадан өтетін кандидаттардың жұмысын бақылайды;
      4) зерделенетін мәселелер бойынша тағылымдамашылармен әңгімелесулер өткізеді.
      55. Тағылымдама жетекшісі:
      1) тағылымдаманың жеке жоспарын әзірлейді және оны тағылымдаманы ұйымдастыру жүктелген лауазымды адам бекітеді;
       2) тағылымдамашыны лауазымдық нұсқаулықтармен, ІІО жұмысының ұйымдастырылуымен таныстырады; 
       3) тағылымдама жоспарында көзделген мәселелерді зерделеуде қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді; 
       4) тағылымдама барысын және тағылымдаманың жеке жоспарының уақтылы орындалуын бақылайды. 
      56. Тағылымдамадан өту кезінде қызметке кандидат:
      1) тағылымдама өтетін қызметтің және жалпы ІІО-ның қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық және өзге де актілердің талаптарымен танысады;
      2) тағылымдамадан өту орнында өткізілетін кәсіби даярлық бойынша сабақтарға және басқа да іс-шараларға қатысады;
      3) атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді;
      4) тағылымдама кезеңінде атқарылған жұмыс туралы есеп жасайды.
       Тағылымдамадан өтуді куәландыратын құжаттар тағылымдаманың жеке жоспары және оның қорытындылары бойынша есеп болып табылады, олар тағылымдамашының жеке ісіне тігіледі. 
      57. Тағылымдамашымен еңбек қатынастары тағылымдама аяқталғанға дейін еңбек заңнамасында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін.
      58. Тағылымдама аяқталғаннан кейін тағылымдамашы тағылымдамадан өткен ІІО құрылымдық бөлінісінің бастығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне сәйкес нысан бойынша кәсіби құзыреттердің үлгі моделі негізінде кандидаттардың ІІО-ға қызметке кәсіби құзыреттілігінің деңгейін бағалауды жүзеге асырады.
      Тағылымдамашының кәсіби құзыреттілігінің жоғары және орта деңгейі кезінде ІІО-ның басшысы (тағайындау және босату құқығы бар) қорытынды бекітеді, ол тағылымдамашыны арнайы бастапқы оқуға жіберу туралы бұйрықты шығаруға негіз болып табылады.
      Тағылымдама қорытындысы бойынша кәсіби құзыреттілігі төмен деңгейде болған жағдайда тағылымдамашы арнайы бастапқы оқуға жіберілмейді, еңбек шарты еңбек заңнамасына сәйкес бұзылады.
      59. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6978 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесіне сәйкес тағылымдамашы бұйрық шыққаннан кейін арнайы бастапқы оқудан өту үшін ІІО-ның оқу мекемесіне жіберіледі. 
       Кадр қызметтері тағылымдамашының ресімделген жеке ісін аранйы бастапқы оқу курстары басталғанға дейін он күннен кешіктірмей ІІО-ның оқу мекемесіне жібереді. 
      60. Тағылымдамашыны жіберген ІІО ол арнайы бастапқы оқуды аяқтағаннан кейін оны үш айға дейінгі сынақ мерзімімен лауазымға тағайындайды.
      Тағылымдамашымен еңбек шарты бұзылады және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төленеді.
      61. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін кандидат әскери-дәрігерлік комиссияда медициналық куәландырудан қайта өтусіз алғашқы арнаулы атағын беруге ұсынылады.
      62. Сынақ мерзімінен өтпеген адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан шығарылады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 1-қосымша            
нысан
______________________________ бастығы
 (ішкі істер органының атауы,         
______________________________________
атағы, тегі, аты, (әкесінің аты болған
 кезде)               
   Өтініш
Мені ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді
сұраймын.
      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында бос
лауазымға орналасу конкурсын өткізу шарттарымен және тәртібімен
таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
      Маған ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін жауапкершілік
туралы ескертілді.
                    _________________________________________________
                       (тегі, аты, (әкесінің аты болған кезде), қолы)
                                       20____жылғы «____»____________
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 2-қосымша            
нысан
   САУАЛНАМА
(өз қолымен толтырылады)
1. Тегі (егер өзгертсеңіз, бұрынғыны көрсетіңіз) ____________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (болған кезде)__________________________________________
2. Азаматтығы _______________________________________________________
Егер өзгертсеңіз, онда қашан екенін көрсетіңіз ______________________
3. Сіз сотталдыңыз ба, қашан және не үшін ___________________________
4. Шет елдегі оқуы немесе жұмысы ____________________________________
Болған елі __________________________________________________________
Болған уақыты _______________________________________________________
Жұмыс істеген немесе оқу орны _______________________________________
5. Сот шешімімен Сіз қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп
танылдыңыз ба, қашан, не үшін _______________________________________
6. Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік лауазымды атқару
құқығынан айырылдыңыз ба, қашан, не үшін_____________________________
7. Сіз мына лауазымды атқаратын ішкі істер органдары қызметкерінің
жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, балалыққа алушы, толық немесе
толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, күйеуі немесе
әйелі) боласыз ба:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағыныстағы______________________
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынатын _________________________
8. Қызметке қабылданар алдында орналасу алдында бір жыл ішінде
қасақана құқық бұзғаныңыз үшін сот тәртібімен әкімшілік
жазағатартылдыңыз ба, қашан, не үшін_________________________________
9. Қызметке қабылданар алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба,
қашан, не үшін ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Сіз бұрын мемлекеттік қызметте болдыңыз ба _____________________,
егер болсаңыз жұмыстан шығу себебін көрсетіңіз ______________________
                                      20____ жылғы «___»_____________
                                                       ______________
                                                           (қолы)
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 3-қосымша            
   Ішкі істер органдарына қызметке орналасатын кандидаттар үшін
денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтер
      1. Ішкі істер органдарына қызметке кандидаттар үшін:
      Ерлер:
      1) аспаға тартылу;
      2) 100 метрге жүгіру;
      3) 3000 метрге жүгіру.
      Әйелдер:
      1) кешенді күштік жаттығулар;
      2) 60/100 метрге жүгіру;
      3) 1000 метрге жүгіру.
   Медициналық-жас топтары
Медициналық-жас тобы Жасы, жынысы
Ерлер Әйелдер
1 I-топ 23 жасқа дейін 23 жасқа дейін
2 II-топ 23 – 29 жас 23 – 29 жас
3 III-топ 30 – 34 жас 30 – 34 жас
4 IV-топ 35 – 39 жас 35 – 39 жас
   Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нормативтер
ЕРЛЕР
Жаттығудың аты Бағалау Медициналық-жас топтары
I II III IV
23-ке дейін 23-29 30-34 35-39
1. Аспаға тартылу (саны) өте жақсы
жақсы
қанағат. 15
13
11 14
12
10 12
10
8 10
8
6
2. 100 метрге жүгіру (сек.) өте жақсы
жақсы
қанағат. 13,0
13,5
14,0 13,5
14,0
14,5 14,0
14,5
15,0 15,0
15,5
16,0
3. 3000 метрге жүгіру (мин. сек.) өте жақсы
жақсы
қанағат. 12,30
12,50
13,10 12,50
13,20
13,50 13,30
14,00
14,30 14,00
14,30
15,00
ӘЙЕЛДЕР
Жаттығудың аты Бағалау Медициналық-жас топтары
I II III IV
23-ке дейін 23-29 30-34 35-39
1. Кешенді күштік жаттығулары (қайталамалардың саны) өте жақсы
жақсы
қанағат. 36
32
28 32
28
24 28
24
20 24
20
16
2. 60 метрге жүгіру (сек.) өте жақсы
жақсы
қанағат. -
-
- -
-
- -
-
- 12,2
12,6
13,2
3. 100 метрге жүгіру (сек.) өте жақсы
жақсы
қанағат. 16,0
16,5
17,0 16,5
17,0
17,5 17,0
17,5
18,0 -
-
-
4. 1000 метрге жүгіру (мин. сек.) өте жақсы
жақсы
қанағат. 4,50
5,10
5,30 5,10
5,30
5,50 5,30
5,50
6,10 6,00
6,20
6,40
Ескертпе:
      1. Биік белағашта тартылу, асылып тұру қалпынан (басбармағы астынан), аяқтарын тіреуішке тигізбей орындалады. Түзу қолдар мен әрретте аяқтарын жұлқымай және серппей, бірқалыпты күйде иек белағаш деңгейінен жоғары өткен кезде жаттығу орындалды деп есептеледі. Асылып тұрған күйде 5 секундтан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды жұлқынып бастауға болмайды;
      2. Кешенді күштік жаттығу бір минут ішінде жасалады, бірінші 30 секундта арқада жатқан қалыптан қолдың ұшын иыққа қойып, аяқтар бекітілген қалыпта (аздап бүгуге болады) кеуде мен тізеге жаеткенше алдыға қарай барынша көп иілу, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырынмен тірелу қажет; одан кейін таянып жатып бұрылып (биіктігі 50 см аспайтын орындыққа қолдары тіреледі) және үзіліссіз қалған 30 секунд ішінде таянып жатуда қолды бүгу және жазуды барынша көп орындау қажет (дене түзу, қолды кеудемен тірекке жеткенше бүгу).
      Жаттығуды дұрыс орындамаған кезде кемінде үш рет «есептелмейді» деген команда беріледі, бұдан кейін тест тапсырушы жаттығуды орындаудан алынып тасталады.
      3. Егер кандидат «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес бағаны алса, ішкі істер органдарына қызметке орналасуға кандидаттар үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырды деп есептеледі.
      Мысалы: Тартылу - «қанағаттанарлық», 100 метргежүгіру - «қанағаттанарлық», 3000 метргежүгіру - «қанағаттанарлық»:-дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды. Тартылу - «өтежақсы», 100 метрге жүгіру - «жақсы», 3000 метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз»:-тапсырылған жоқ.
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 4-қосымша            
нысан
   Ішкі істер органдарына қызметке орналасатын кандидаттардың
денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосі
__________ қаласы                20___ жылғы «____» ________
Р/с № Конкурсқа қатысушының тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда) Жасы Нәтижелері Таныстырылды
60/100 метр Бағасы Аспаға тартылу/ Кешенді күштік жаттығулары Бағасы 1000/3000 метр Бағасы












Комиссия мүшелері: ____________________________
          ____________________________
Органның кадр қызметінің қызметкері және (немесе) бөліністің кәсіби
даярлық жөніндегі инспекторы
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 5-қосымша            
нысан
   Байқаушыға жадынама
      Байқаушының:
      конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
      олармен әңгімелесуге қатысуға;
      әңгімелесу өткізу рәсімі туралы ол аяқталғаннан кейін өз
пікірін білдіруге;
      әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
      конкурстық комиссия отырысының хаттамаларымен танысуға;
      конкурстық комиссияның жұмысы туралы мемлекеттік органның
басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі
уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге
мүмкіндігі бар.
      Байқаушы:
      конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жарияламайды;
      әңгімелесу өткізу процесіне араласпайды, конкурстық комиссия
отырысының барысына кедергі жасамайды;
      конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдеспейді;
      конкурстық комиссияның мүшелеріне олардың шешім қабылдауында
әсер етпейді;
      нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы
жария бағаламайды және пікірін білдірмейді.
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 6-қосымша            
нысан
   Кандидатты бағалау парағы
Кандидаттың Т.А.Ә ( ол болған кезде)_________________________________
Лауазымы ____________________________________________________________
1-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі)_______________________
2-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________
3-сұрақ (сұрақтардың жалпы тізіміндегі нөмірі) ______________________

Өлшем Салмағы Балл *

1-сұраққа жауап (бейінді)


2-сұраққа жауап (ситуациялық)


3-сұраққа жауап (уәждемелік)


Кәсіби тәжірибе


Білім деңгейі


Коммуникативтік дағдылар

Барлығы

      Ескертпе:
* 0-ден 5 баллға дейін қойылады
1-сұраққа жауап (бейінді):
 0 балл – кандидат сұраққа жауап бермеді 
1 – 2 балл – кандидаттың қойылған сұрақ тақырыбы бойынша жалпы түсінігі бар
3 – 4 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы біледі
5 баллов – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толығымен меңгерген
2-сұраққа жауап (ситуациялық):
0 балл – кандидат жауабынұсынбады
 1 – 2 балл – кандидат жағдайға тиімсіз тәсілді сипаттады 
 3 – 4 балл – кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ әрекет етудің толық алгоритмін ұсына алмады 
 5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, әрекет етудің негізделген алгоритмін ұсынды 
3-сұраққа жауап (уәждемелік):
0 балл – кандидат жауабын ұсынбады
 1 – 2 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі нашар дәлелденген, жүйесіз, кандидаттың одан әрі жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ 
3 – 4 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жалпы дәлелденген, бірақ анық мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың лауазым таңдау туралы негіздемесі және кейінгі жоспарлары жүйелі, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты жетуге бағытталған
Кәсіби тәжірибе:
 0 балл – лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кәсіби тәжірибесі жоқ 
1 балл – бір жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
2 балл – бір жылдан екі жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
3 балл – екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
4 балл – үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті кәсіби тәжірибе
5 балл – тиісті кәсіби тәжірибесі 5 жылдан астам
Білім деңгейі:
 1 балл – білімі сәйкес келеді 
2 балл – тиісті саладағы магистр
3 балл – тиісті саладағы PhD доктор
 4 балл – тиісті салада ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар 
5 балл – тиісті салада ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар
Коммуникативтік дағдылар:
 0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсетпеді 
 1 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, жетекші сұрақтарға әрекет етпейді 
2 – 3 балл – кандидат әңгімені қысылып жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға әрекет етеді
 4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені жеңіл жүргізеді, бірақ ситуациялық және уәждемелік сұрақтар кезінде ойлау қисынын жоғалтады 
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімені еркін жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 7-қосымша            
нысан
«БЕКІТЕМІН»                 
_______________________________________бастығы
 (ішкі істер органының атауы,             
______________________________________________
атағы тегі, аты (әкесінің аты болған кезде қолы)
20____ жылғы «____» ___________
Жеке істе сақталсын
   Тағылымдаманың жеке жоспары
_____________________________________________________________________
(атағы, тегі, аты, (әкесінің аты болған кезде), тағылымдамадан өту
_____________________________________________________________________
кезіндегі тағылымдамашының лауазымы, ішкі істер органының
бөлінісінің, мекемесінің атауы)
Туған күні: _________________________________________________________
Білімі:______________________________________________________________
_____________________________ лауазымы бойынша тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама мерзімі: 20 ____жылдың__________ бастап ___________ дейін
Тағылымдама себебі: _________________________________________________
Тағылымдама жетекшісі: ______________________________________________
Зерделенетін
мәселелер
атауы Тексеру
күні, уақыты Орындалуы
туралы белгі Ескертулер
1 2 3 4 5


      1. Тағылымдама барысында сынақтар қабылданды
1. Лауазымдық нұсқаулықтарды білуі __________________________ бағасы
2. Нормативтік құжаттарды білуі _____________________________ бағасы
3. Регламенттейтін құжаттарды білуі __________________________ бағасы
4. Атыс қаруы мен арнайы құралдарды
қолдану негіздері мен тәртібін білуі __________________________бағасы
      2. Тағылымдамашының даярлық деңгейі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      3. Тағылымдама нәтижелері бойынша қорытынды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тағылымдама жетекшісі:
____________________________
      (лауазымы,
______________ _______ _________________________________________
    атағы)     (қолы)   (тегі, аты (әкесінің аты болған кезде)
Ескертпе: 2-тармақта тағылымдамашының алған білімі және практикалық дағдыларының көлемі мен деңгейі, сондай-ақ кәсіби даярлығының, іскерлік қасиеті мен тағылымдамашының өз бетімен нақты шешімдер қабылдау қабілетінің бағасы көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы ішкі істер
 органдарына қызметке орналасу  
 кезінде конкурс пен тағылымдама 
 өткізу қағидаларына       
 8-қосымша            
нысан
«БЕКІТЕМІН»                 
_______________________________________бастығы
 (ішкі істер органының атауы, атағы          
______________________________________________
 тегі, аты (әкесінің аты болған кезде, қолы) 
20____ жылғы «____» ___________
   Тағылымдама кезеңінде атқарылған жұмыс туралы
ЕСЕП
1. Не өткізілді, қандай нәтижелер алынды:
2. Тағылымдама қандай оң нәтиже берді, қандай әдістемелік және
практикалық сипаттағы қиыншылықтар кездесті.
3. Тағылымдаманың дайындығы мен ұйымдастырылуын жақсарту бойынша
ұсыныстар.
4. Мынадай мәселелер орындалмай қалды:
_____________________________________________________________________
                             (санамалау)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Орындалмау себептері _____________________________________________
                                  (қандай екені көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
6. Тағылымдама бойынша жалпы қорытынды: _____________________________
_____________________________________________________________________
Тағылымдамашы:
_____________________________________________________________________
              (тегі, аты, (әкесінің аты болған кезде)
Тағылымдама жетекшісі:
____________________________
      (лауазымы,
________ ______ _________________________________________
атағы)   қолы)  (тегі, аты, (әкесінің аты болған кезде)



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



Кері қайту