Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

"Баршаның назарына!" дабылы соғылғандағы негізгі әрекеттер


БҰНЫ БАРЛЫҒЫ БІЛУІ ҚАЖЕТ!

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!:

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аударуға қосылатын «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға тиіс.

"Баршаның назарына!" дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта болуы мүмкін: химиялық қауіпті  объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апатты, химиялық, радиоактивті жұқтыруды, стихиялық ауыртпалықтарды, әуе қауіп-қатерлерін және басқа да адам өміріне қауіп тигізетін төтенше жағдайларды, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлардың мүмкіндігі, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында.  
Сөйлеу арқылы берілетін ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.


Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге  «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу ақпаратын  дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер  арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңізге  естімеген болар, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қанқу сөздің болдырмауын қадағалаңыз!

АҚ басқармасының аға офицері

подполковник Е.М. Ахметов



Кері қайту