Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары Жезказған қаласында ҚР Президенті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауың түсіндірді
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Мұрат Қатпанов Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты ТЖД аймақтық құрылымдарының жеке құрамына 2014 жылды 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау және түсіндіру.
Полковник М.Қатпановпен Жолдаудың негізгі бағыттары қызықты және түсінікті түрде айтылды.
«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы ертеңгі күнге оптимизм мен сеніммен қарауға шақырады. Әрқайсымыз алға қойылған мақсаттарды түсініп, өз деңгейінде олардың шешу жолдарын айқындап және Елбасының алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға өзінің септігін тигізу міндетті» - деді М.Қатпанов өз сөзінді.
ТЖД бастығының орынбасары аймақтық құрылымдары ары қарай төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауға бағытталған мақсаттарды, Қазақстанның жоғарғы мақсаттарға жетуіне, қазақстандықтардың өркендеуіне жеткізетін мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыруға өздерінің септігін тигізетіне сенімін білдірді.
Жезқазған қ. ТЖБ
Кері қайту