Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» мемлекетіміздің дамуына серпін береді

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатын жариялады. Осы халыққа арналған Жолдаудың жылдағыдай алдын-ала ескертілместен, аяқ астынан жариялануына келсек, оның да өз себептері баршылық. Бұл ең алдымен әлемдік қалыптасқан ахуалға, экономикалық дағдарыстың қарқынына байланысты. Ал ондай ахуалдар Қазақстанды айналып өтіп, еліміздің экономикасын сырттан сипап қана кетпейді. Ендеше, мұндай жағдайда не істеу қажет?Ең алдымен халықтың сенімін ақтап, қиын-қыстау жағдайдан елді аман-есен алып шығу жолдарын ойлауы керек. Міне, Елбасының «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатқа бағдарланған Жолдауының басты ұстанысы осы болса керек.

«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – мыңдаған қосымша жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз: «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» - деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз, мемлекетіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен дінін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.

Осы айтылған Президент сөздерін жеткізудің бірден-бір түрі, бұл «дөңгелек үстел» ұйымдастырып өткізу.

Осыған орай  «Нұр Отан» партиясы өкілінің, Кәсіби дайындық мектебі ұжымының және №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуларымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелде»келесі екі негізгі сұрақтар қарастырылды:

1.    «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы маңызды сұрақтарды талқылау;

2.    «Назарбаев Н.А. – серпінді дамып кележаткан мемлекет бейнесі және  Тәуелсіз Қазақстанның Тұнғыш Президенті». Аталмыш «дөңгелек үстелде» «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілі Бақытжан Аманжолова және № 5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет капитаны Айдос Төлегенұлы Әбішев өз баяндамаларымен Елбасымыздың Жолдауындағы негізгі мәселелерге  тоқталып түсіндіріп өтті.

Сөзімізді түйіндей келе айтатынымыз, діншілдік нанымымызға және ұлтымызға қарамастан, жылы ұямыздай, даңқымыз бен мәртебеміздей болатын, әсем де гүлденген Қазақстанды,баршамыз тек Елбасымызбен ғана, дамытып, өркендете аламыз!


Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»ММ
    кәсіби дайындық мектебі және
№ 5 ӨСБ ұжымы


Кері қайту