Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

41 өрт сөндіру бөлімінде ҚР Президентінің «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауы талқыланды

Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №41 өрт сөндіру бөлімінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» - еліміздің өркендеуінің ауқымды бағдарламасына байланысты семинар-кеңес өтті. Елбасымыз халыққа жолдауында елімздің дамуына және экономикасының құрылымдық реформаларының әрі жалғасын табу үшін Қазақстанға Жаңа экономикалық саясат жариялады.

Жолдауды жете жеткізіп талқыға салу үшін «Нұр Отан» Партиясының өкілі Ж.Т. Қасымова шақырылды.  

Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың инфрақұрылымдық дамыту жоспары жөнінде өрт сөндіру бөлімінің бастығы  А.З.Карипжанов сөз сөйледі. Сонымен қатар, аталмыш жоспарда азаматтардың тұрмысын жақсарту үшін, алға қойылған мақсат пен мүдде,  тапсырмалар қамтылған 7 бағытты қызметкерлерге тереңінен түсіндіріп өтті.

«Жолдаудың «Нұрлы Жол» деген атауы¬ның өзі мені қатты сүйсінтті. Бұл біздің елді нұрлы болашаққа бастайтын құжат. Мен Президент халыққа өте қажетті жолды нұсқа¬ғандай әсер алдым. Бүгінгі күні бүкіл әлем дағдарыстан арылмай тұр, оның үстіне геосаяси тұрғыдан күрделі жағдайға ұрынып қалды. Осындай жағдайда Елбасының дұрыс жол тауып, халықты жақсылыққа бастауы осы жол болар» -деп «Нұр Отан» Партиясының өкілі Ж.Т. Қасымова өз ойымен бөлісті.

4-ӨСБ жеке құрамы барша қазақстандықтармен қатар Елбасының саясатын толығымен құп көріп, алға қойылған мақсаттардың орындалуына жасаған еңбектерін өте жоғары бағалайды.            

Семинардың өту барысында Жолдаудағы маңызды бағыттар тілге тиек етілді, атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау салалары, қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту, тілдерді дамыту және т.б.

Іс-шара соңында, 41-ӨСБ бастығы А.З.Карипжанов жеке құрам қызметкерлеріне жақыннан танысып, өз білдімдерін шыңдау  үшін, жауынгерлік және қызметтік әзірлік сабақтарында Президентіміздің жолдауының түбегейлі оқылуын тапсырды.

   



                   Өртке қарсы қызмет старшинасы М.С.Ысқақов
Қарағанды облысының ТЖД ӨСжАҚЖҚ
41-ӨСБ бөлімшесінің командирі




Кері қайту