Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Нұрлы жол - нұрлы болашақ»

6 ақпан 2015

Ұлт  Көшбасшысы  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев жылда  халыққа  өз  Жолдауын  арнап отырады,  бірақ  биылғы 11 қараша күні  Елбасымыз  «Нұрлы  жол - болашаққа бастар жол»  атты Жолдауын  осыған дейінгі 18  Жолдауынан  ерте жариялап, үкіметке оны іске асыруға  нақты тапсырмалар беруі  әлемдегі орын алып жатқан дағдарыстарға жол бермей, оның алдын алуға бағытталған деп айтуға болады. Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды. Елбасымыздың  Жолдауындағы тапсырмалар мен қойылып отырған міндеттердің стратегиялық маңызы өте зор.  

Осыған орай №46 өрт сөндіру бөлімінде Елбасы Жолдауын таныстыру  мақсатында Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары полковник  Қатпанов Мұрат Қасенұлы іс-сапармен болды. Мұрат Қасенұлы Жолдауды нақты  тұжырымдармен таныстырды.

Мемлекетіміздің  экономикасын  дамыту, Қазақстан халқының әл әуқатын, тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында ұлттық қордан миллиардтаған ақша бөліп, нақты міндеттерді айқындап берді. Негізгілері - көліктік индустриалдық, энергетикалық, әлеуметтік тұрғын үй инфроқұрылымдарын дамыту. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету. Елбасы білім беруді, білімді ұрпақ тәрбиелеп, оларға жағдай жасауды әрқашанда басты назарда ұстайтынын біз білеміз. Осы жолғы  Жолдауында да білім мен ғылым саласына 100 миллиард теңге бөлінуін тапсырды. Негізгі автожолдар бірінші кезекте екендігін атап айтты. Олар: Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолдары және қалааралық жолдары. Жол дегеніміз шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі деді Елбасымыз. Әсіресе  бізді Қарағанды қаласымен байланыстыратын Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда автожолдары жоғарғы әлемдік стандарттарға сай етіп қайта жаңғырту жобасы қатты қуантып, болашаққа деген сенімімізді арттыра түсті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрбір Жолдауында елді бірлікке  шақырып, «Бірлік бар жерде - тірлік болатынын» басып айтып келеді. Жолдаудағы әлеуметтік мәселелердің шешілуі - ел тұрақтылығының негізі болатындығына  күманымыз жоқ. Елбасымыздың артқан сенімін ақтап, біз жалпыұлттық  идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырайық.


С.Ибраймов
Қарағанды облысының ТЖД ӨСжАҚЖҚ
№46 өрт сөндіру бөлімі қарауыл бастығы


Кері қайту