Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Тәуелсіздік таңы

9 желтоқсан 2014
Жүрегімде тұтанса отты өлең,
Заңғарлардан тас түлек боп түлегем.
Тарих бетін ақтарып тарам-тарам,
Тәубе – деуге, бауырым, жетті де өрем!
Күнімді арай, тудырған айымды асқақ,
Қаймана күн, қиямет-қайымды аспақ.
Жарым жылдар жастанған азаттықты,
Қанымызға алғандай айырбастап!
Биіктерге беттедік «аттан» салып,
Жау жығылды аяқтан жатқан шалып.
Махамбеттің ұрпағы ту көтерді,
Тәуелсіздік – дейтұғын  жақсы ән салып.
Жасқанбадық жұмылған жаттан басқа,
Жауап осы аққан қан, аққан жасқа
Тұғырында тұр әні Қазақ елі
Енді неге марқайып шаттанбасқа.
Жаһандану – бұл күннің жаңалығы,
Қанат қомдап самғаған сан алыбы.
Арқасында деп білем мұның бәрі,
Нұрсұлтандай патшаның даналығы.

Д.И.Конуршинов
№42 МӨСБ бастығы


Кері қайту