Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Қазіргі заман қаһарманы: 15-ӨСБ жүргізуші Р.О.Рысқұлов туралы

9 желтоқсан 2014
Мектеп табалдырығын аттаған әр азаматтың алдында қандай кәсіппен айналысу, қай мамандық таңдасам деген үлкен сұрақ туындайды. Өзіне тән, жанын қалайтын кәсіпті таңдау қиынның қиыны.

 Рыскулов Руслан Орақұлы жедел әскери қызметтен өткен соң, Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылының мектеп-интернатында шебер болып қызмет атқарады. Шамалы уақыттан кейін, өрт сөндіру қызметіне өрт сөндіру көліктерінің жүргізушісі болып жұмысқа орналасады. Осы қызметтің жүрегіне жақын екендігін, адамдарды құтқарып оларға көмек көрсету, қиын сәттерде жанынан табылу оның ықыласы екенін жұмыстың алғашқы күнінен-ақ түсінеді.

«Мен бұрындары, өрт сөндірушілердің бауырластығы – ең мықты достық» дегенді жиі еститінмін, шынымен де солай екен, өзім бірге жұмыс істейтін қызметкерлер жайында жақсы пікірдемін. Үш жыл жұмыс істеген уақытымда түйгенім: «Өрт сөндірушілер – сенімді жолдастар және тек қызметте ғана емес...»- дейді Руслан.   

Адамды айтқан сөзіне қарап, істеген ісіне қарап бағалаған дұрыс. Сіздерге Русланның батылдық танытып, өжет құтқарушы ретінде өзін көрсете білген оқиғалардың бірін айтқым келеді. 
 
2014 жылы 31 наурызда 02 сағат 30 минут уақыт шамасында Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Көкпекті ауылында 2,5 км шақырым жерде орналасқан биіктігі 15 метрлік бөгет (дамба) жарылды. Жиналған судың қысымы ауылға қарай бағыт алды. Ол уақытта Руслан Рыскулов Көкпекті ауылы Верхняя көшесінде жанұясымен үйінде болған. Дамбының жарылысынан 10-15 минут өткеннен кейін ол көшеден құтқару туралы айқай естіген. Ол жағдайды бағалап, әйелі мен балаларын тез уақытта қауіпсіз жерге, яғни мектепке көшірді, содан соң сол уақытта судан зардап шекпеген үйлердің ішіндегі адамдарға хабарлауға кірісті, сонымен қатар адамдардан тыныштық сақтауларын сұрады. 3 сағат 00 минут уақыт шамасында Руслан Шоссейная көшесінде тұрғанда, ол келе жатқан Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Мамандандырылған жасақтың АСА-20 автокөлігін көрді. Автокөлік жақындап келген уақытта судың мөлшері 1,5 метрге жетті, температурасы 40С шамасында болды, судың толқыны жүруге бөгет жасады, ол кеудесіне дейін жеткен суда 2 баланы машинаға дейін апарды. Адамдарды көліктің төбесіне дейін жеткізіп құтқарғаннан кейін, өртке қарсы қызмет сержанты Мамандандырылған жасақтың бөлімше командирі өртке қарсы қызмет сержанты В.Д. Самойленкоға адамдарды құтқаруға өз көмегін ұсынды, өйткені ол жергілікті көшелерді, жүретін жолдарды, ойқы-шойқы жерлерді, ағатын суларды жақсы білетін болатын, сол уақытта мұндай көмек өте маңызды болды.

Шоссейная көшесімен келе жатып үлкен кісіні көтеріп, содан 3 үйден кейін 4 адамды шатыр үстінде көрді. Олардың айтуы бойынша осы үйлерде тағы 3 адам бар екендігін, оның ішінде біреуі мүгедек адам өз бетімен жүре алмайтынтығын айтты. Барлығының күшімен, бүкіл адамдар көлікке көшірілді. Адамдарды мектеп манайына қалдырып, су басып қалған жаққа жүре берді. Шоссейная мен Набережная көшесінің киылысында тұрған «Жигули» автокөлігінің үстінде екі адам мен әйел баласымен тізесіне келетін суда тұрды. Әйел баласын құтқаруды өтінді. Руслан баланы қолына алды да, төбеге шығарып, содан сон үлкендеріде жоғарыға көтерді. Набережная, Торговая, Молодежная көшелерінде әрі қарай жүре берді, өртке қарсы қызмет сержанты В.Д. Самойленко мен бірге жалпы күрделі алғанда 12 адам, олардың ішінде 3 бала, 1 аяғы ауыр әйел адамдарды құтқарды. Ең киын болған Торговая көшесі онда шұнқырлар мен ойқы-шойқы жерлері көп болатын, құтқаруымен қоса Руслан АСА-20 жүргізушісіне жол қөрсетіп отырды, тоқтаусыз жылдам қауіпсізді жол болды.

Үйлердін сыртын, ішін қарап Подгорная, Первомайская, Пролетарская, Коммунистическая көшелерімен экипаж құрамы әрі қарай жүре берді. 

Руслан  кезекті еңбек демалыс уақытында құтқарушылармен бірге 1-ші 3 сағатта қиын жағдайда 24 адам соның ішінде 4 бала, 1 мүгедек және 1 аяғы ауыр әйел адамды құтқарып және қауіпсіздік жерге көшірді.
2014 жылдың  2 шілдесінде ҚР ТЖ Министрі  «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды.

Русланның екі баласы бар. Жұмыстан бос уақытында балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Үлкен қызы Аружан өзінің «Менің әкем-құтқарушы» шығармасында әкесінің ерлігіне сүйсініп, әкем – нағыз құтқарушы деп бала жүрегі қуанышқа бөленгені бар.

Ішкі істер органы қызметкерлерінің қайсарлығын, жанкештілігін  халқымыз өте жоғары бағалайды. Бірақ мықтылардың арасында, «Қазіргі заман қаһарманы» атанған ең мықтылары бар. Рыскулов Руслан Орақұлы – «Қазіргі заман қаһарманы».
рыскулов.jpg
  
Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ  
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы 


Кері қайту