Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

2014 жылдың басынан Қарағанды қ. Өрт-техникалық орталығына 15 мыңнан астам адам келді

5 қыркүйек 2014
Қарағанды қаласының мұражайлары мен көрмелері арасындағы  келушілері ең көп болып Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің Өрт-техникалық орталығы табылады. 1987 жылы қыркүйекте ашылған мұражай қазіргі таңдағы ержүрек мамандықтың тарихымен таныстырады. ӨТО-ты Муқатай Смағұлұлы Есентаев басқарады, ол өртке қарсы қызметте 30 жыл жұмыс істеген. Оның көмекшісі - Симзар Нагдалиевна Гусейнова бұрыңғы қызметкер және өрт сөндіру күзетінде 20 жылдан астап жұмыс істеді.

2014 жылдың басынан ӨТО-да 439 экскурсия өткізілген, барлығы 15 мыңнан астам адам болған. Жазғы демалыс мезгілінде негізгі келушілер балалар болып табылады. Экскурсия жетекшінің эмоциялары және терең ойлы әңгімелерімен үйдегі өрт қауіпсіздік туралы ойландырады, сондай-ақ өртпен күресуші мамандығының қиыншылықтарымен таныстырады. Сонымен қатар мұражайға біздің өрт сөндірушілердің отбасылары, біздің ардагерлерлер келіп отырады.  

Залдың қойылымы елдегі және облыстағы өрт сөндіру күзетінің тарихымен басталады. Мұнда нағыз өрттен алынған экспонаттарды, өрт-техникалық құралдарымен жабдықтарын көруге болады. Мұражай қойылымы ғимараттағы және құрылыстағы өрттен қорғануға арналған қазіргі құралдарды да көруге болады.

Аранайы бөлімдер өрттерді алдын алуға, өртпен күресу әдістеріне арналған. Қала қонақтарының, сурешілердің және Америка Құрама Штаттары әріптестеріміздің сыйлыққа берілген экспонаттары да бар. Мұражайдың бөлек бір тарауы балаларға арналған. Ол жерде балалардың ең үздік өрт сөндіру жұмысына арналған жұмыстары қойылған, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, өрт сөндіру қалқаны, суреттер және т.б. Сондай-ақ көрмеде өрт сөндіру-құтқару спортының дамуы және оның өрт сөндірудегі орны туралы айтатын стендттер мен экспонаттар бар.

Облыстың өрт сөндіру бөлімдері орналасқан, өрт сөндірушілердің киімдерін, олардың ерліктерін таныстыратын көптеген стендттер мен экспонаттар орын алған. Жеке бір стенд қызмет кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған.

Барлық экспонаттарды көріп болған соң, келушілерге фильм көрсетіледі. Фильмдер жинағы әр түрлі жастарға арналған, мұнда өртке қарсы қызметтің тарихы, батырлар, өрт профилактикасы, үйретуші мультипликациялық бейнематериалдар бар.

Осымен экскурсия аяқталмайды, келушілер көрші ғимаратта орналасқан №1 өрт сөндіру бөлімімен таныса алады. Балалар үшін экскурсияның осы бөлігі өте қызықты. Бөлімде оларды нағыз өрт сөндірушілер қарсы алып, өрт сөндіру техникасын, арнайы киімдерін көрсетеді. Ал ең бастысы балалар шынайы өрт сөндіру көлігіне отыра алады, техникада барлық бөліктерін көре алады, өрт сөндірушінің әскери киімінің ауырлығын өздеріне сезіне алатындай мүмкіндік алады.

Балаларды алып келетін тәрбиешілер қаладағы ең жақсы мұражай деп біздің өрт-техникалық орталықты айтады.

ӨРО-да пікір кітабі бар, мұнда келушілер көрініс туралы өз әсерлерін жаза алады. Өз пікірлерін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы да қалдарған.

Кітаптағы соңғы пікірлердің біреуін Көпсалалы гуманитарлы-техникалық университет магистратурасының студенттері қалдырды:

«Сіздің мұражайыңыз - өмір мектебі. Және де басқа да мектеп сияқты сабақтардан тұрады. Әр сабақ суретшінің бояу түсуруі сияқты әлемді қабылдау көрінісін толықтырады, кез келген адамға қажет қайталанбас тәжірибе береді. Біз, КГТУ студенттері, қызықты дәріс, шығармашылық сабақ және жөн сілтейтін кеңес үшін алғыс айтамыз».

Мұражай келермендері өз әсерлерімен интернет желілерінде де бөліседі. Мысалы, ХБА бизнес-колледжінің кИС-11 тобының студенттері өз веб-сайттарында келесі пікірлерін жазған:

«Көбіміз өрт сөндіруші болуға армандайтымыз. Ол қауіпті екенің білсек те, біреуді құтқарғымыз келетін, өзімізді батыр ретінде сезгіміз келетін.  Бұл мамандық қауіпті, ауыр, ерлікті, бірақ сонымен бірге арманшыл. Осы мамандықтын ерекшеліктерімен жақын танысу үшін ХБА бизнес-колледжінің кИС-11 тобының студенттері де Өрт-техникалық орталығына барды. Балалар Қарағанды өрт сөндіру күзетінің тарихын, өрт сөндіру техниканысы қалай дамығаны туралы білді, бірінші өрт сөндіру көлігін де көрді. Басқаша айтқанда, бабалар  тағы да бір мамандық тобының әлеміне және өміріне кірді, біздің тыныштығымызді қорғайтын және әрқашанда көмекке дайын өрт сөндірушілердің ауыр жұмысы туралы пайдалы ақпарат алды».

Ж.Дәуренбекова
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі
2014 жылғы шілде

1.JPG
2.JPG3.JPG5.JPG



Кері қайту