Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі кезінде өзіңді қалай ұстау керек?
Бұл ретте мамандар әрдайым апатқа дайын болу қажеттігін ескертеді. Мәселен, өзіңіз жұмыста, ал балаларыңыз мектепте не болмаса бала-бақшада болса, құтқару бағытын ой елегінен өткізіп көргеніңіз абзал. Жанұяңызбен отырып тығылу үшін қай жер қауіпсіз, жер сілкінісінен кейін қайда жолығу керек, тағы басқа да сондай түйткілдерді алдын ала шешіп алған дұрыс.Мұндай жоспар арқылы апатты жағдай орын алған кезде қалай қимылдауды біліп, отбасыңызды да түрлі жағдайға дайын болуын үйретесіз. Егер жер сілкінісі басталса, байбалам салып, өзіңізді де, жұртты да дүрліктірмеңіз. Көп қабатты үйдің бірінші қабатында немесе жер үйде тұрсаңыз, тез арада ғимаратты тастап шығуға тырысыңыз. Себебі, әлсіздеу бірінші дүмпу мен күштірек екінші дүмпудің аралығы 15-20 секундқа ғана созылады. Содан соң бірден ғимараттан алысырақ, ашық жерге шығуға асығыңыз. Ал егер екінші қабатта немесе одан биігірек орналасқан болсаңыз, ғимарат ішінен шықпаңыз. Үлгере алмауыңыз мүмкін. Жер дүмпуінің тоқтауын күту үшін қауіпсіз жерді алдын ала анықтап алғаныңыз жөн. Мұндай орын ретінде қабырғаның ішкі іргесін, бұрышты алуға болады. Құлайтын ауыр заттардан қорғану үшін, үстел мен кереуеттің астына тығылуға болады. Сонымен бірге, жуынатын бөлмедегі ваннаның ішіне тығылып, мойныңыз бен басыңызды жастық немесе киім-кешекпен қымтап қою да көмектеседі. Көп қабатты үйде баспалдаққа бастайтын есікті ашып, есік жақтауына тұруға болады. Мектеп немесе университетте болсаңыз, партаның астына тығылыңыз. Терезеге бетіңізді теріс қаратып, қолыңызбен басыңызды жабыңыз.

Жер сілкінісінен кейін не істеу қажет?  
От жағып, электрді (электр жарығын немесе электр құрылғыларын) қоспаңыз, себебі газ жайылған жағдайда ұшқынның өзі жарылысқа алып келуі мүмкін. Ғимарат ішінен шығып, ашық алаңқайда қалуға тырысыңыз. Үйден шықпас бұрын басты газ краны мен пәтердегі электр жарығын өшіруді ұмытпаңыз. Сонымен қатар, бүкіл үйді көгілдір отынмен қамтитын басты газ кранын сөндіру өте маңызды. Көгілдір отынмен қамтуды тек арнайы қамту жүйелері мен крандарды тексеріп болған соң ғана тиісті мамандар қоса алады.
Қираған немесе зақымданған ғимараттарға инженер-құрылысшының рұқсатынсыз (тек зардап шегушілерді құтқару үшін немесе іздеу үшін болмаса) кіруге болмайды.
Радионы (мәселен, көлік ішінде) тыңдап тұруды ұмытпаңыз. Бұл сіздің керекті ақпарат пен нұсқау алуыңыз үшін қажет.



Кері қайту