Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Переплетчиков Виталий Александрович

4 маусым 2014
24.11.2012 жылы сағат 14:10 кезінде Қарағанды облысының ТЖД Өрт сөндіру және АҚЖҚ КҚЖБО Өрт байланысының орталық пунктіне Қарағанды қаласының Кислородный тұйық көшесіндегі 30-шы үйде өрт болып жатыр деген хабар түседі. Ақпарат түскен беті сағат 14:11 кезінде оқиға орнына 1-ӨСБ кезекші қарауылы аттандырылды. Шақыртылған жерге барған кездерінде құтқарушылар үй маңындағы қазандықтың жанып жатқанын байқайды. Қарауыл быстығының  міндеттерін атқарушы 1-ӨСБ бөлімше командиры өққ прапорщигі В.В.Шмальц өрт болған жердің жағдайын білу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің 1 бөлшесін жібертеді. Ол бөлімшені командир В.А.Бабурин басқарды. Ал екінші бөлімше электр энергиясын сөндіруімен айналысып жатқан болатын. Сол мезетте, көрші-қоландардың айтуы бойынша қатты түтінденген үйдін ішінде кішкене бүлдіршін қалып қояды. Көк түтінге оранған үйдін ішінде қорқып қалған кішкене қызды көрген кіші сержант В.А.Переплетчиков дереу қызды құтқаруға кіріседі. Түтін үйді басып алуына байланысты, есіктен кіруге мүмкіндік болмады, сол себепті ол терезе жаққа қарай беттеді. Желкөздің бірі ашық болатын. Алтын уақытын зая кетірмес үшін, өрт сөндіруші В.А.Переплетчиков мырза дереу москит торын қойып, түтінденген үйдің ішіне енді. Алайда, түтіннен көру нашар болғандықтан, құтқарушы баланы дауыстап шақыра бастады. Қатты қорыққан бүлдіршін бөлменің бұрышында тығылып отырады. Зардап шегушіні табысымен, Переплетчиков өзінің жауынгерлік киімін жамылдырып, қызды суық пен түтіннен қорғап шығарады. Өзінің атқарған жұмысына жауапкершілікпен қарағандықтан, ешқандай жан түршігерлік оқиғанын болуына жол бермеді.
Кезекші қарауыл қызметкерлерінің кәсіби және жедел жұмыс атқаруларына байланысты ешкім жапа шекпей, үлкен көлемді зақымдар болмады.
Виталий Александрович Переплетчиков 1985 жылы дүниеге келді. Қарағанды қаласының №5 орта мектебінде оқыған. 2010 жылы Қарағанды политехникалық колледжіне оқуға түсті. Өртке қарсы қызметіне В.А.Переплетчиков 2009 жылдынмаусым айында келген. Виталий 1-ӨСБ қарапайым өрт сөндіруші болып жүріп, өзін еңбекке адал екендігін көрсете білді. 2013 жылдың аяғында ол 1-ӨСБ бөлімше командиры болып тағайындалды. Ал 2014 жылдың қаңтар айында Переплетчиков мырза Қарағанды қ. жаңадан ашылған №6 өрт сөндіру бөліміне ауысады.
Бір сауалымызда, неліктен сіз өрт сөндіру қызметімен өзіңіздің еңбек жолыңызды байланыстырдыңыз дегенде, ол осылайша жауап берді: «Бала кезімнен бастап мен құтқарушы болуды армандадым. Әр дайым өрт сөндірушілер жайында түсірілген деректі фильмдер көріп, олардың жасаған ерлік істеріне сүйсіне қарайтынмын. Сол кезден бастап мен өз алдыма құтқарушы болам деген мақсат қойдым. Әр кездері адамдарды құтқарып жүрсекте, барлық өрт сөндірушілер сияқты мен де өзімді батырмын деп есептемеймін. Өйткені бұл біздің жұмысымыздың бір нысаны».
Виталий Александрович Переплетчиков 2013 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күі мерекесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік  «Ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Қарағанды облысының ТЖД ӨСжАҚЖҚ баспасөз қызметі

Переплетчиков1.JPG



Кері қайту