Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

БАЛАЛАРМЕН ОҚИМЫЗ ЖӘНЕ ОЙНАЙМЫЗ

11 наурыз 2015
Дидактикалық ойын
«Бола ма, әлде болмай ма?»
Мақсаты:
Балаларды жануарлармен қарым - қатнас жасағанда қауіпсіздік ережелерінің қарапайым түрлерін сақтай білуге үйрету. Берілген карточкадағы іс - әрекеттерді жасауға бола ма, әлде болмай ма және неліктен болмайтынын әңгімелей отырып, қауіпсіздік ережелерін бекіту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші тақтаға бір суретті іледі де, сұраққа жауап беруді сұрайды және толық жауап берулерін қадағалайды.
Мыс:
- Суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
- Қыз мысықтың құйрығынан сүйреп бара жатыр.
- Осы әрекеті дұрыс па? Қалай ойласыңдар олай жасауға бола ма, әлде болмай ма? Неге? т. с. с

Дидактикалық ойын
«Не артық?»
Мақсаты:
Балаларды қауіп қатердің алдын алуға, өмірге қауіп төндіретін заттарды тануға, олардың денсаулығымызға, өмірімізге төндіретін қатерін түсіне білуге үйрету.
Ойынның жүрісі:
Балаларға карточкаларды ұсыну немесе суреті төмен қарап тұрған карточкалардан таңдатып, ондағы заттардың ішіндегі артық затты атату, неліктен артық екенін сұрау.
Мыс: суретте ойыншықтар және сіріңке, ыдыстар және қайшы т. с. с суретті карточкалар.

Дидактикалық ойын
«Бағдаршам не дейді?»
Мақсаты:
Бағдаршам көздерінің түстерімен таныстыра отырып, оның беретін белгілері туралы түсінік беру және ол белгілер бойынша жүргіншілердің іс - әрекеттерімен таныстыру, бекіту.
Ойынның жүрісі:
Тәрбиеші бағдаршам макетін ұсынып оның көздері не деп тұрғанын, қандай белгі беріп тұрғанын сұрай отырып, сол белгіге сай қимыл әрекеттер жасауын қадағалайды.

Дидактикалық ойын
«Қауіпті заттар»
Мақсаты:
Балалардың өмірімізге, денсаулығымызға қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту.
Ойынның жүрісі:
Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттердің ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады және оның қандай қауіп әкелетінін сұрайды.


Өрт сөндіретін адамды қалай атайды?  (өрт сөндіруші)
Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар?  (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)
Олардың жұмысы қандай?  (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)
Өрт сөндірушілер қандай болу керек?  (батыл, өжет, шапшаң, епті)
Олар неге батыл, шапшаң болу керек?  (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. құтқарады)
Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек?  (101)
Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлұматтар беру керек?  (не болғанын, мекен – жайын айту).



Кері қайту