Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Упбаев Туяк Социалович

10 қараша 2015
Қарағанды облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ
1-ші отряд 14-ші ӨСБ-нің аға өрт сөндірушісі
Тұяқ Социалұлы Упбаевтың
ӨМІРБАЯНЫ

Тұяқ Социалұлы Упбаев 1972 жылы 21-қаңтарда, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба селосында дүниеге келген. 1979 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Восток совхозының №6-шы орта мектебінің 1-ші сыныбына барды. 1989 жылы осы мектепті 10 жылдық сыныппен аяқтады.
1990 жылдың маусым айында Советтік Әскері қатарына шұғыл қызметке шақырылып, қызметін Омск қаласының №74377 әскери бөлімшесінде атқарды. 1992 жылдың мамыр айында Совет Әскерінің қатарынан босатылды.
2005 жылдың 18-сәуірінде Қарағанды облысының «Өрт сөндіруші» АҚФ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 1-ші отряды №14-ші өрт сөндіру бөліміне,өрт сөндіруші қызметіне қабылданды. 2012 жылдың 14-наурызында сол бөлімшенің аға өрт сөндіруші қызметіне ауыстырылды.
Үйленген: жары – Анар Қайыржанқызы Белгібаева, 1971 ж.т., балалары: қызы – Жансая, 14.06.1998 ж., ұлы – Алмас, 24.04.2004 ж.
2012 жылдың 15-мамырында Теміртау қаласы, 1 Республика  даңғылы мекен-жайында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ аглоөндірісінің шоғырландыру цехындағы өртті сөндіру кезінде, «Өрт сөндіруші» АҚ Қарағанды филиалы 1-ші отряд 14-ші ӨСБ-нің 2 қызметкері – қарауыл бастығы Р.О.Балабашин мен аға өрт сөндіруші Т.С.Упбаев, ауыр күйік жарақатын алды.
Қарағанды облысының «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы 1-ші отряд 14-ші ӨСБ-нің аға өрт сөндірушісі Тұяқ Социалұлы Упбаев, өртте қаза тапты. Өрт кезінде, Теміртау қалалық ауруханаға жеткізілген, өрттен жарақат алған 14-ші ӨСБ-нің қарауыл бастығы Р.О.Балабашин, 2012 жылдың 18-мамырында 9 сағат 40 минутта қайтыс болды.
Өртті сөндіруге толығымен 10 өрт сөндіру автоцистерна, АЛ-30 2 автобаспалдақ, 1 АСА-20, Қарағанды және Теміртау қалаларының бөлімшелер жеке құрамдарынан 55 адам қатысты. Сөндіруге 6 су діңгегі берілді, ГТҚҚ-нің 5 тобы күштендірілді. Өртте жақын жердегі 4  өрт гидранттарына өрт сөндіру автоцистерналарын орнатуда  уақытылы шаралар қолданылу салдарынан, өртті сөндіру кезінде діңгектің бастапқы қосылу сәті мен жұмыстың аяқталуына дейін, өрт сөндіру құралдарының тоқтаусыз берілуі қамтамасыз етілді.
   Жою барысында өрттің аумағы 1000м2 құрады ( тасымалдауыш таспаның, агломераттың майда бөлшектерінің, шоғырсымның, конвейер галереясы мен №12   
Басшылармен өртті сөндіру шешуші бағыттары дұрыс анықталып, өрт сөндіру құралдарының тоқтаусыз берілуі қамтамасыз етілді. Жанып жатқан ғимаратта қалған қызметкер – айелді іздеуде, әтүрлі шаралар қолданылды. Сонымен қатар, жеке құрам, жанып жатқан ғимаратқа нысанның жұмысшы қызметкерінің енуін болдырмау мақсатында (айелді іздеуге), келген бетте, барлық бағытта, сондай-ақ,өрттің қауіпті аймақтарына тікелей жақын жерлерінде,  іздеу-құтқару жұмыстарына тез арада кірісуге мәжбүрленді.Өрт сөндірушілердің іс-әрекеттері, аса қажетті жағдайда олардың жүзеге асырулары мен 14-ші ӨСБ екі қызметкерінің ауыр жарақат алуына келтіруі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының  Жауынгерлік жарғысындағы талаптарының 20- пунті мен 5- бабында белгіленген. Осы талаптарға сәйкес, өртте адамдарды құтқару, жауынгерлік іс-әрекеттің бірінші кезектегі орындалуға тиісті басты түрлері болып табылады.




Кері қайту