Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

ТЖД ЖҚЖ құрылу тарихы

5 желтоқсан 2017

«ҚР ТЖМ Қарағанды қаласының Жедел құтқару жасағы» ММ

Қарағанды қаласында «ҚР ТЖМ Қарағанды қаласының Жедел құтқару жасағы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №53 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» қаулысымен «Қарағанды қ. Әкімінің жанындағы жедел ден қою қызметі» КМҚК базасында құрылған.

Жасақ ең тиімді, басқа елдердің құтқару құрамаларының тәжірибесімен және уақытпен тексерілген, жедел жұмысты ұйымдастыру сұлбасымен құрылған. 

Жасақ үнемі тәулік бойы күзекшілік етеді және табиғи, техногендік және тұрмыстық сипаттағы әр түрлі авариялық-құтқару жұмыстарын орындай отырып, оқиғаларға үнемі ден қоюды жүзеге асырады.

Жасақтың жауапты аймағы – Қарағанды облысының аумағы, ол Қазақстанның орталығында орналасқан, жалпы көлемі 428 мың. км және Республикамыздың 14 облысының 9-мен шекаралас. Тұрғындар саны – 1331,2 мың адам. Облыс құрамына 9 қала және 9 селолық аудан кіреді.

Оқиғалар туралы қоңыраулар мен хабарлар тәулік бойы жұмыс істейтін 51-75-20 - жедел нөміріне түседі. Түскен ақпаратты жасақтың диспетчерлері қабылдап өңдейді.

Әр түрлі ауырлық деңгейдегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дайындықтан өткен жасақтың жеке құрамының құтқарушы және 3-ші, 2-ші сыныптағы құтқарушы біліктілігі бар.

Жасақ қойылған міндеттерді орындау үшін: жедел-құтқару автокөліктерімен; гидравликалық авариялық-құтқару аспаптарының жиынтығымен, химиялық қорғау құралдарымен, әр түрлі электр құрал-саймандарымен және инженерлік жабдықтармен, альпинистік жабдықтармен және т.б. жабдықталған.

Құтқарушылар шақыруға жедел ден қоюдан басқа, әрдайым жауынгерлік дайындықта болып, өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруде және шеберлік деңгейлерін жоғарылатуда. Кәсіби шеберлігін жетілдіру, ТЖ жедел ден қою дайындығын жоғарылату бойынша жұмыс Қарағанды облысының ТЖМ құрылымдық бөлімшелерімен және авариялық-құтқару құрамаларымен өзара әрекеттестік жопарына сәйкес, құтқарушыларды оқыту бағдарламалары және оқыту жоспары бойынша өткізіледі.

ЖҚЖ базасында жыл сайын Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері колледжде алған теориялық білімін практикада қолдану мүмкіндігімен диплом алдындағы практикадан өтеді.

Қарағанды қ. ЖҚЖ Қарағанды облысында және одан тыс жерлерде өткізілетін жарыстарға, көрнекі орындауларға, іс-шараларға үнемі қатысады.

Жасақтың құрамында тікелей жедел топтан басқа, автокөлік, медицина, сүңгуір және кинологиялық бөлімшелер өздерінің жұмыстарын атқаруда.

Сүңгуір бөлімшесінің құрамына Алматы қ. ҚР ТЖМ РЖҚЖ базасында сүңгуір мектебінде оқыту және дайындық курсынан өткен және «3 сыныптың I - II топтағы мамандану сүңгуірі» біліктілігін алған маман кіреді. Бөлімше суда жедел құтқару операцияларын, суаттарда өзін-өзі ұстау нормалары туралы тұрғындармен алдын алу жұмыстарын орындау үшін арналған.

Медицина бөлімшесінде кезекші ауысым құрамында жедел шақыруларға шығатын реанимотолог – дәрігер бар. Бөлімше өкпені жасанды желдету аппаратымен, «Дитерихса» және «Крамера» шиналарымен, сонымен қатар аяқ-қолдарын, кеуде және бел бөліктерін иммобилизациялауға арналған пневмошиналармен, зардап шеккендерді эвакуациялау үшін тасымалдағыш зембілдермен, дәрігер сөмкесімен және кезекші ауысымның медицина сөмкесімен жабдықталған. Ірі масштабты ТЖ болған кезде зардап шеккен 100 адамға көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер қоры бар.




Кері қайту