Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

ТЖ департаментінің тарихы

1 ақпан 2019

ТЖ департаментінің тарихы

Азаматтық қорғаныс тарихы Халық Комиссарлар кеңесінің 1932 жылы 4 қазандағы «Жергілікті әуеге қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы» (ЖӘҚҚ) қаулысын қабылдаумен басталады.

Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс жүйесі Ұлы Отан Соғысы кезінде жедел жоспарларды әзірлеп және қолданысқа енгізілгенде, баспаналарды және жасырыну паналары жаппай салына бастағанда, тұрғындарға хабарлау жүйесі дами бастағанда қатаң сыннан өтті.

1956 жылы сәуір айында КСРО Министрліктер кеңесі Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс туралы ережені бекітті. ЖӘҚҚ тұрғындарды ядролық қарудан және басқа да жаппай қыру құралдарынан қорғау мақсатында жүзеге асырылатын, жалпы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі болды. Ережеде тұрғындарды міндетті түрде жаппай қыру құралдарынан қорғану шараларына жалпылай оқыту басты міндеттердің бірі болып табылатындығы анықталған.

20 жыл ішінде ЖӘҚҚ жүйесі жетілдірілді және осы уақытта тұрғындарды қорғау, оларды оқыту бойынша жұмыстың бай тәжірибесі жиналды және қорғаныс үймереттерінің қоры құрылды.

50-ші жылдардың аяғында тыл объектілерін қорғаудың ең жетілген тәсілін және құралдарын құру туралы мәселелер де тұрды.

1960 жылы 29 шілдеде Қазақстан Компартиясының Қарағанды облыстық комитеті бюросының және еңбекшілер депутаттарының облыстық кеңесінің атқару комитетінің қаулысымен ЖӘҚҚ облыстық штабы құрылды. 1961 жылы 23 наурызда Қазақстан Компартиясының Қарағанды қалалық комитеті бюросының және еңбекшілер депутаттарының қалалық кеңесінің атқару комитетінің қаулысымен Қарағанды қаласының ЖӘҚҚ штабы құрылды, оның басшы құрамына: штаб бастығы - қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары В.А.Тарабанов, штаб бастығының орынбасары - "Каруголь" комбинатының бастығы Н.И. Васьк, штаб бастығының орынбасары – облыстық әскери комиссариат бөлімінің бастығы полковник А.Ф. Мелехин кірді. Осы құрылымның құқықтық мирасқоры қаланың ТЖ жөніндегі комиссия болып табылды.

1961 жылы КСРО Министрліктер кеңесінің жарлығымен Азаматтық қорғаныс жүйесі ұймдастырылды. Бұл өзгеріс тұрғындарды, объектілерді және халық шаруашлығының салаларын жаппай қыру қаруынан кешенді қорғау, оның әсер ету салдарын жоюды қамтамасыз етуге бағытталған жалпы мемлекеттік қорғаныс шараларын ұйымдастырып және жүзеге асыруға бастау салды. Осы жылы КСРО Министрліктер кеңесі Азаматтық қорғаныс туралы ережені қабылдады. Онда Азаматтық қорғаныс алдын ала, бейбіт уақытында тұрғындарды және елдің халық шаруашылығын зымран-ядролық, химиялық, бактериологиялық қарудан қорғау, зақымдану ошақтарында құтқару және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпы мемлекеттік қорғаныс іс-шаралар жүйесі болып табылатындығы анықталған, аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады.

КПСС орталық комитетінің және КСРО Министрліктер кеңесінің 1978 ж. 5 қазандағы қаулысын және КСРО Қарулы Күштер Бас штабының 15.05.79 ж. директивасын орындау мақсатында, ҚазКСР Министрліктер кеңесінің 27.07.79 ж. нұсқауына сәйкес, АҚ басқару органдарының және мекемелердің дайындығын әрі қарай жоғарылату мақсатында халықтық депутаттар облыстық кеңесі атқару комитеті 24.08.79 ж.

Қарағанды қаласының Азаматтық қорғаныс штабын құрған. 1979 ж. 1 қыркүйектен бастап Қарағанды қ. АҚ штабы штаттық кесте бойынша жеке құраммен жинақталды.

АҚ басқармасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 1980-81 ж.ж. сым және радио байланыспен жабдықталған, жедел кезекшілердің тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылған басқару бекеті құрылған. Қаланың және аудандардың АҚ штабтарының ұйымдастыру-штаттық құрылымы жетілдірілді. Хабарлаудың жергілікті жүйесі құрыла бастады.

Төтенше жағдайлар кезіндегі дайындығын және әрекет ете білу шеберлігін құрылымдар Чернобыль АЭС апатты жою барысында көрсете білді. Қарағанды облысының АҚ штабының 6 офицері, Қарағанды қаласы штабының 1 офицері жарылған реактордың саркофаг құрылымдағы жою жұмыстары мен уланған аумақтарды зарарсыздандыруға қатысты. Олар - байланыс және хабарлау бөлімінің бастығы полковник В.Н. Перегуда, инженерлік бөлімнің бастығы полковник А.И. Строгов, радиациялық және химиялық қорғау бөлімінің бастығы полковник В. Матузко, медициналық қорғау бөлімінің бастығы полковник Ж.Б. Көпбаев, МТҚ бастығы подполковник П.В. Ленев, қаланың радиациялық және химиялық қорғау бөлімінің бастығы капитан И. Тихонов, соңында оларды «жоюшылар» деп атап кетті. Олар жоғары радиоактивтік аймақта тұрып, денсаулығына ғана емес, сонымен қатар өміріне үлкен қауіп төндіретін жұмыста аянбай еңбек етіп, ержүректілігін, жанқиярлық қасиеттерін көрсете білді. Олардың барлығы орденмен және медальмен марапатталған. Спитакта жер сілкінісі салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін Қарағанды қалалық АҚ штабы 365 адамнан тұратын команданы ұйымдастырып жіберген, олар екі ай бойы апат аймағында жұмыстар жүргізді. Чернобыль АЭС апат және Спитактағы жер сілкінісі бейбіт уақытында АҚ роліне және міндеттерін жаңаша қарауға себеп болды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кездейсоқ жағдай емес, заңдылыққа сай және ілгері басатын үрдісі бар екені айқын болды. Осыған түсініктемелер де табылды: тұрғындардың және өндірістердің өсуімен, сонымен қауіпті аумақта тұрғындардың шоғырлануына байланысты қоршаған ортаға антропогендік салмақтың күшеюі. 1991 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Мемлекеттік комиссия және мемлекеттік жүйе құрылды. Сол уақыттан бері төтенше жағдайлар проблемаларын шешуге жаңа көзқараспен қараудың уақыты келді. Уақыт өте келе төтенше жағдайлар саласында басқарудың мемлекеттік жүйесі эволюциялық даму сияқты кезең-кезеңмен қалыптасудан өтті.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 жарлығымен аппарат базасында төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссия және ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің республикалық АҚ штабын құру туралы шешім қабылданды. Осы шешіммен төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған ресми жаңа құрылым құрылды.

Содан кейін Мемлекеттік комитеттің атауы бірнеше рет өзгерді (ҚР Президентінің 1997 ж. 10.10. N 3655 жарлығымен ТЖМК Төтенше жағдайлар комитетіне ауысты; 1999 ж. 21.01. ҚР Президентінің жарлығымен ТЖ жөніндегі комитет Төтенше жағдайлар агенттігіне ауысты) және Президенттің 2004 ж. 29.09. №1449 жарлығымен ҚР ТЖ жөніндегі агенттікті және ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер бойынша агенттікті жою базасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған. Осылай, Азаматтық қорғаныс өзінің дамуында жергілікті әуеге қарсы қорғаныстан бастап бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың бірыңғай жалпы мемлекеттік жүйесіне дейін ұзақ және қиын жолдан өтті.

1997 ж. Өртке қарсы мемлекеттік қызмет ІІМ құрамынан Қазақстан Республикасының ТЖ жөніндегі комитеттің құрамына ауысты. Қарағанды облысында Өртке қарсы мемлекеттік қызмет құрылу және қалыптасу кезеңдері қиыншылыққа толы болды және қарағандылықтардың бейбіт еңбегін қорғады.

1931 ж. «Карагандастройуголь» тресінің алғашқы ведомстволық өрт сөндіру командасы ұйымдастырылды.

1952 ж. алғашқы әсерилендірілген өрт сөндіру командалары ұйымдастырылды.

1967 ж. Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ Өрттен қорғау күзеті басқармасы ұйымдастырылды.

2000 жылы қаңтар айында Қарағанды қ. аумағындағы өрттердің алдын алу және жою мақсатымен ӨҚМҚ (бас басқарма құқығында) 2-ші жасағы құрылды.

2005 жылы ҚР ТЖ министрлігінің жүйесінде Қарағанды облысының өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында МБҚ басқармасы құрылған, ол 2006 жылы Қарағанды облысының Өртке қарсы қызмет департаменті болып қайта құрылған. 2008 ж. қыркүйек айында ҚР Үкіметінің 2008 ж. 19.07. № 712 қаулысына сәйкес, Өртке қарсы қызмет департаменті Қарағанды облысының ТЖ департаментінің құрамына кірді.

Бүгінгі таңда өткенді терең зерделеп, тану арқылы жаңаны түсініп ұғыну маңызды болып саналады, сол арқылы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үздіксіз қалыптасу, даму және жетілу процесінде екендігін аңғарамыз. Жылдан жылға өмір бізге күрделі және жауапты міндеттерді қоюда, оларды шешу үшін біздің қызметіміздің тиімділігін және жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін талап етеді.

Қарағандылықтардың тыныштығын және бейбіт еңбегін қамтамасыз ету ісіне Департаменттің қызметкерлері қосқан үлесін бағалау қиын.



Кері қайту