Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Бастықтың орынбасарлары

31 қаңтар 2019

Полковник М.Қ. Қатпанов Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының Егіндібұлақ с. 1972 жылы 29 қазан айында туған, қазақ, білімі жоғары:
-1995 жылы сызу, бейне өнері және қолданбалы қызметі мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын;
-2001 жылы әскери және әкімшілік басқару мамандығы бойынша Ресей Федерациясының ТЖМ азаматтық қорғаныс Академиясын аяқтаған.
Полковник М.Қ. Қатпанов Төтенше жағдайлар жүйесінде 1996 жылдың тамыз айынан бастап келесі лауазымдарда әскери қызметін атқаруда: Қарағанды облысының АҚ курстарының оқытушысы, жетекші маман, жедел ден қою бөлімінің орынбасары. 2002 - 2004 жылдары Ақмола облысының ТЖ алдын алу бөлімінің аға офицері лауазымында кызмет атқарды. 2004 жылы Қарағанды облысының ТЖ басқармасының жедел ден қою және шараларды жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2006 жылы Қарағанды облысының ТЖД күштер мен құралдар бөлімінің бастығы, ал 2008 жылдан бастап авариялық-құтқару қызметтері басқармасының бастығы болып қызмет жасады. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарды жедел басқаруын жүзеге асырды, Департаменттің жедел тобының қызметін ұйымдастырды, авариялық-құтқару қызметтерді, құрылымдарды, құтқарушыларды аттестаттау бойынша жұмысты қадағалады.
Қарағанды және Ақмола облыстары аумағындағы ірі масштабты ТЖ салдарын жоюға қатысқан.
2009 жылы Америкада Солтүстік Каролина штатында ланкестік актілердің салдарын жою бойынша оқу өтті, ал 2010 жылдың қыркүйегінде ірі масштабты жер сілкінісінің салдарын жою бойынша «Армения-2010» халықаралық жаттығуына қатысты.
2002ж. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі, "Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл" медалі, 2007ж. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», 2012 жылы "Мінсіз қызметі үшін" ІІ дәределі медальдарымен, 2008ж. «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталған.

Пошталық адрес: 100027, Қарағанды қ., Г.Мустафин к., 4, тел: 8-(7212) 51-20-01
Электронды адрес: – dchs_karg@emer.kz




 
Кәрімов Біржан Телманұлы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қ. 1976 жылғы 16 қырқүйекте туған.

Білімі жоғары, 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы «Өрт қауіпсіздігінің инженері» біліктілігі, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1995 жылдың қырқүйек айынан бастап қызмет атқарады.
Өзінің еңбек жолын 1998 жылдың маусым айынан СҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жедел бөлімінің инженері лауазымында бастады.

07.2002ж. – 02.2005ж. СҚО МӨҚҚБ ҚКЖБО ӨСКҚ өрт сөндіру жетекшісінің көмекшісі
02.2005ж. – 09.2006ж. СҚО МӨҚҚБ ҚКЖБО ӨСКҚ өрт сөндіру жетекшісінің аға көмекшісі
09.2006ж. – 02.2007ж. СҚО «ӨСАҚЖҚ» ММФ кезекші өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары
02.2007ж.- 09.2008 ж. СҚО ӨҚҚД ӨҚҚҚҮБ өртке қарсы қызмет құрылымдарының және авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін үйлестіру жөніндегі бөлімнің бастығы
09.2008 ж. – 07.2010 ж. СҚО ТЖД Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету басқармасының бастығы
07.2010ж. – 11.2010ж. СҚО ТЖД АҚ басқармасының АҚ және ТЖ шараларын жоспарлау бөлімінің бастығы
11.2010ж. – 04.2013ж. Қызылжар ауданы ТЖБ бастығы
04.2013 ж. – 07.2015 ж. «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
07.2015 ж. – 12.2015 ж. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы
12.2015 – 08.2017 «ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы.
2017 жылғы 15 қыркүйекте ҚР ІІМ №280 ж/қ бұйрығымен Қарағанды облысы  ТЖД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ, II, І дәрежелі медальдарымен, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» кеуде белгісімен, ҚР ТЖМ құрмет грамотасымен, ТЖ министрінің алғыс хатымен марапатталған.
Отбасы жағдайы: үйленген, ұл баласын тәрбиелеп отыр.





 




Кері қайту