Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Ертеңмен сырласу

7 қараша 2013

Ертеңмен сырласу

Кешегісіз кескен тондай келтемін.
Өткенімді өнеге үшін ертемін
Айтылмаған жырларым бар, асу бар
Жүрмегейсің мені елемей, ертеңім.

Алға ұмтылсам айдарымнан жел есед.
Борышым бар туған елге берешек
Арқалаған сенімдерін ақтаймын
Күтем сені, көп үмітпен келешек.

Үміт отын жақсам оның несі мін.
Бұл ғұмырдың Тәңір берер кесімін.
Болашаққа бұрын жетем демеймін
Айқара ашық ертең үшін есігім.

Қуат барда көктем күйін шертемін.
Еңсемізді түсірмеші, ертеңім.
Ей, тағдыр сұрай берме ақыңды
Несібемді бәлденбей –ақ бер тегін.

Жүрегімнен шыққан әрбір өлеңмен
Мына әлем махаббатқа бөленген.
Өмір көште ақынға бар жеңілдік
Жол ақысы жырларыммен төленген.

Пенделердей дүние қуған жалғанда
Қызықпаймын жылтырауық арманға.
Ұлы істер күтер алда, ертеңім
Тек бүгіннің бітпесіне алданба.

Кеншілердей қазбалаған жер кенін
Сөз маржанын келем іздеп, ертеңім.
Жыр мұхитта еркін жүзер сыр кеме
Болашаққа басын бұрдым, желкенін.

Жырымды ұғар еліме әркез еркемін.
Сенім артса көш бастайтын серкемін.
Ақындарсыз келісті емес келешек
Жүрмегейсің мені елемей, ертеңім!

Еңсебаев Бейбіт Көбейсінұлы, Қарағанды облысының ТЖД Жезқазған қ. ТЖБ



Кері қайту