Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Тәуелсіз Қазақстан!

7 қараша 2013

Тәуелсіз Қазақстан!

Қазақстан байтақ елім, тәуелсіз өз елім,
Туғанына он жыл толды, көзбен көрдік өзгердің.
Бесіктегі жаңа туған баладай ең, бал едің,
Тәй-тәй басып босағаңа құшақ жая тез келдің.

Он жыл бұрын қандай едік халайық,
Тарих бетін қазағымның есімізге алайық.
Осыншама азаттыққа, жетістікке жеткізіп,
Талай қазақ ағаларым кетті емес пе егіліп.

Шын ниетпен сол жасаған ағалардың еңбегін,
Жетелейік, жеткізейік болашаққа бергенін.
Жетпіс жылдай отар болдық, орыс болды ермегің,
Ел басына мыңда рахмет тәуелсіздік ап бергенің.

Туа сала тәуелсіз ел қиналды да ойланды,
Ел басы қып Нұрсұлтан Әбішұлын сайлады.
Еліміздің зиялы да, басшысы да сан ойда,
Болашағын тәуелсіз еліміздің ойлауда.

Елтаңбамыз, әнұраны, қыранымыз самғады,
Көк аспаңда күн нұрымен байрағымыз байланды.
Тәуелсіз ел үш жасқа аяқ басқанда,
Ата заңы, ұлттық теңге айналымда басқада.

Уақыт өте Алматы да бола қалды бас қала,
Жас қаламыз Ақмоланың атын қойды Астана.
Мәдениет те, өркениет те, білім қанат қағуда,
Қазақ атын көтеруде, намыс отын жағуда.

Алға-алға ұмтыла бер биіктерге самғасын,
Ұша берші, ұша берше қанаттарың талмасын.
Тәуелсіз Қазақстан құтты болсын, жасасын!
Ұлы тойың ақ ниетті ұрпақтарға жалғассын!

5-ӨСБ бастығының орынбасары Сүлейменов А.С.

 



Кері қайту