Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

Өрт-техникалық орталығы

15 тамыз 2014

20 жылдан бері күннен күнге, жылдан жылға өрт-техникалық орталықта экскурсиялар өткізіледі. Көрме өзінің жұмыс істеген кезінен бастап 120 мыңнан астам адам қабылдап, 5500 астам экскурсия өткізді.

Өйткені үнемі өрт ережелерін насихаттау бірінші орында тұратын, ал өрт себептерінің көбісі (70% дейін) өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаннан болатындықтан, көрмені ұйымдастыру мәселесі талқыланған да жоқ. 1984 жылы ҚазССР Өрт күзеті басқармасынан бұйрық келіп түсті. Ол кезде ӨТО жұмысы Қазақстанның ірі қалалары Алматы, Павлодар, Семей, Қызылордада ұйымдастырылған.

Біздің қаламыздың халқы арасында да өрт сауатсыздығын жоятын уақыт та келді. Бір қабатты ғимарат салынды, сонымен қатар облыстық басқарма мен жеке өрт бөлімшелерінде дайындық және практикалық жұмыстар жүргізіліп жатты.

Жөндеу-құрылыстық жұмыстарды басқарған қызмет ардагері отставкаға кеткен подполковник Владимир Мефодиевич Мащицкий. Ол қызмет ардагерлері отставкаға кеткен ішкі қызмет подполковнигі Алексей Федорович Ильинский, отставкаға кеткен ішкі қызмет майоры Владимир Петрович Даниленко, ішкі қызмет старшинасы Өтеғали Ахметжанович Ахметжановтармен бірігіп көрмені жәдігерлермен, витриналармен, стендтармен, макеттермен және басқада қажетті үгіт-насихат болатын көрнекі құралдармен жабдықтауға кірісті. 5 тақырыптық бағыт бойынша жұмыс істеді: «СССР және Қарағанды облысында өрт күзетінің құрылу тарихы»; «Өндірістік ғимараттардағы, биік ғимараттардағы, орман-дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру»; «Өрт-техникалық жабдықтау» (оқпандар, сатылар), «Автомобильдер» (олардың жарақтандырылуы, сипаттамасы, техникалық сипаттамасы).

Ғимаратты салып болған соң, Владимир Мефодьевич Мащицкий көрменің басшы лауазымына ауысып, тарихта өрт-техникалық орталықтың бірінші бастығы болып жазылды. 1995 жылы зейнетке кеткен соң, оның орнына Анатолий Петрович Замниус келді (ӨТО бастықтарының көбісі зейнеткер екені жай емес. Бұл шарт көрме ашылар алдында келісілген). 2002 жылдан бастап көрмені Мұқатай Смағұлович Есентаев басқарады. Орталықтың қазіргі бастығы өртке қарсы қызмет органдарында 30 жыл жұмыс істеген, оның көмекшісі - Владимир Дмитриевич Гречкин - өрт қызметінің бұрынғы қызметкері және еңбегі сіңген зейнеткер. Олардың ұраны: «Өрт қауіпсіздігінің нормалары қазіргі адам моралінің нормасы болуы тиіс».

80 жылдардың ортасында көрмеге жәдігерлерді жан-жақтан жинады. Материалдардың көбісін өрт сөндіру бөлімінің «халық шеберлері» дайындады. «Испат-Кармет» Теміртау агломерат өрт сөндіру жүйесін, автоматты анықтау жүйесі және ЖЭО кабельді тоннельдерінде көбікті өрт сөндіру жүйесін сыйлады. Ауылшаруашылық өндірісінің, тұрғын үйлердің, биік ғимараттардың, өрт дабылының макеттері Қарағандының «Промстрой» институтына тапсырылып жасалды. Өрттің 7 ықтимал себебі қарастырылған үйдің макетін Балтика маңында дайындап жасаған.

Көрме залының дәл ортасында тұрған, өрт күзетінің өткен тарихын көрсететін үш керамикалық фигура Москва маңындағы фабрикадан сатып алынған. Осындай экспозицияны Қазақстанның кез-келген өрт-техникалық орталығынан көруге болады, айырмашылығы тек қана пішін үйлесімінде болады.

Біздің зерттеу зертханасының қызметкерлері де өз үлестерін қосты: өрт жағдайын талдап болған соң, өртке себеп болған әртүрлі жылтқыш құралдарды (плиткалар, шайнектер, үтіктер, жылытқыш майлы радиаторлар, атылған газ баллондарды ) әкелді. Оның бәрі қабырғадағы стендтарда орналасқан.

Балалардың қолынан шыққан заттар көрмеде басты орын алады, Өрт күзеті күніне арнап балалар арасында байқаулар өткізгеннен бері олар көрменің басты жәдігерлері болып табылады. Олардың жақсылары залда қалып, жыл сайын жаңартылып отырады.

Қазіргі уақытта көрме экспозициясында Қарағандыда өрт ісінің туындауы мен даму тарихын, кәсіби және ерікті өрт сөндірушілердің жұмысын, алдын алу шараларын, өртті сөндіретін және алдын алатын техникалық құралдарды көрсететін 47 әдемі безендірілген стендтар бар.

Көрмеге келушілер стендтарда орналасқан халық игілігі мен адам өмірін құтқаруда ерлік көрсеткендерге арналған «От серісі», «Адамдар үшін», «Өмір үшін», «Чернобыль қаһармандары туралы», «Алматы гарнизоны өрт сөндірушілерінің ерлігі туралы», «Қарағандының өрт кезінде қайтыс болған өрт сөндірушілері туралы», «Жалындағы трактористтер» атты суреттердің, портреттердің жанында көп уақыт тұрып қалады.

Ұл балаларды қазіргі жауынгерлік киім мен жылушағылдырғыш костюмдардағы өрт сөндірушілердің манекендері, бастапқы өрт сөндіру құралдары мен өрт-техникалық жабдықтардың үлгілері ерекше қызықтырады.

Басқа қалалар мен аймақтардан алған тәжірибенің негізінде Қарағанды облысының өрт-техникалық орталығында кинозал бар. Экскурсия аяқталған соң, көргендерін, естігендерін бекіту және алған әсерлерімен бөлісу үшін көрме залында келушілерге өртке қарсы тақырыптарға қатысты қысқаметражды көркем фильмдер көрсетеді.

Қазір фильмотекада 140-150 кинолента бар, бірақ қысқаметражкаларды көру қиындап кетті. Фильмдер де, техника да моральдық жағынан ескірген. Киноаппарат пленканы жыртып жібереді. Сақталып қалғандары бейнекассеталарға жазылып, бейнемагнитофон арқылы көрсетіліп жүр.

Көрме ашылғаннан бері биыл бірінші рет ғимарат пен залдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ жөндеу жұмыстарының аяқталатын түрі жоқ. Себептері әртүрлі: қаражаттың бөлінбеуі, суретшілер мен жобалаушылар жұмыстан бас тартуы.

Суреттер, бейне, аудиоматериалдар өте көп жиналған, бірақ оны іске асыруға мүмкіндік жоқ. Бейнематериалдарды көрсететін техника жоқ. Стендтарда көрсетілмеген қосымша материалдарды көрсету үшін аралық және сенсорлы басқарылатын үлкен теледидар алу жоспарланған болатын.

«Бастауына» қайтып келсек. 1987 жылдың 18 қыркүйегінде өрт-техникалық орталықтың есігі барлық келемін деушілерге ашылғанда, салтанатты лентаны қию қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары Оспановаға және Қазақ ССР ЕӨСҚ РК алқасының төрағасы Баграмовқа жүктелді. Экскурсиядан соң келушілерге арналған пікір кітабында алғашқы тілек жазылды:
«Облыстық басқарманың құрамына, өрт-техникалық көрменің барлық ұйымдастырушыларына мазмұны жағынан керемет дайындалған көрме үшін, ұстамды эстетикалық безендірілуі үшін алғыс білдіремін. Қалада, әсіресе балалар мен жастар арасында өртке қарсы насихатты жүргізуде шығармашылық табыс тілеймін.

Алғыспен М.А. Оспанова».

М.Баграмов былай деп толықтырды:
«Алқаның және өзімнің атымнан Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ ӨКБ басшылығына, ЕӨСҚ облыстық кеңесіне және өрт-техникалық көрменің ұжымына көрмені дайындап, құру барысына қосқан шығармашылық еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Өрттерді болдырмау жұмыстарында үлкен табыстар тілеймін. ӨТО дайындық жұмыстарына қатысқандар көтермелеуге лайықты.

Көрмеге көбінесе балалар келеді. Балалардың көздерінен қуаныш көріп, олар көп сұрақ қойса, Орталық қызметкерлері өздерінің жұмыстары толығымен атқарылды деп санайды. «Егер де тыңдаушылар стандартты қоштасып, алғыс айтып кетсе, онда біздің олардың көңілінен шықпағанымыз. Осындай экскурсиядан соң өзіңе де, тыңдаушыға да қанағаттанарлықсыз сезімде болады екенсін», - деп Мұқатай Смағұлович Есентаев ойымен бөлісті.

Осыдан шығарымыз, ең жақсы тыңдаушы 7-10 жастағы балалар.

Сонымен қоса экскурсиялар жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектеп, лицей оқушыларына, колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне, өнеркәсіптік және өндірістік нысанның, сауда, денсаулық сақтау саласының, коммерциялық ұйымдардың жұмыскерлеріне, өртке қарсы қызмет қызметкерлері мен белсенділерге, және олардың отбасыларына өткізіледі.

Көрмеге үлкен лауазымды азаматтар да келді: республикалық өрт күзеті бастығының орынбасары, Ішкі істер министрі және оның орынбасары, ТЖА төрағасы және басқалар, олар жоғарыда аталған Кітапта өз тілектерін қалдырды:
«Өрт-техникалық орталық тәрбиелік және кәсіптік сипаттағы тарихи орталық болып табылады. Орталық жетекшілеріне өз алғысымды білдіремін. Болашақ жас ұрпақты тәрбиелейтіндей көрмелеріңіз әрі қарай жәдігерлермен толықтырылып, гүлденуіне тілектеспін.

ҚР ТЖМ министрі М.Ж. Көпеев».

және «Экспозицияларды үлкен қызығушылықпен қарап шықтым, МӨҚҚ қатысты барлық мәселелерді кешенді қамтығандығы қуантады. Экспозицияның жастарға және жас өрт сөндірушілерге деген пайдасы зор, стендтардың көбісі мақтаныш сезімін тудырады.

Табыс пен өркендеу тілей отырып, ТЖА төрағасының орынбасары В. Петров».

Орталық бастығына өртке қарсы қызметтің қызметкерлері жиі келеді. Бір күні Мұқатай Смағұлович Есентаевқа қызықты бір келуші - өрт күзетінің офицері келді. Оның несі қызық?! Бір-ақ… Офицер бірнеше жыл бұрын, әлі мектепте оқығанда оның сыныбы ӨТО келгендігі туралы айтты. Экскурсия жүргізушінің әңгімесі балаға әсер еткендігі соншалықты, мектепті бітірген соң ол Көкшетау техникалық институтына түседі. Нәтижесінде, офицер атанады. Ол тіпті сол кезде келгенде пікір кітабында өз қолымен жазып кеткен жазуын тауып алады. «Көрме үлкен әсер қалдырды, онда қандай батыл адамдар жұмыс істейді! Менің арманым ұшқыш болу, ұшақтарды жүргізу, бір-ақ егер мен авиациялық институтқа түспесем, онда мен өрт сөндіруші болатын шығармын. Бұл жер бетіндегі ізгі әрі ең қажетті мамандықтардың бірі».



Кері қайту