Бірыңғай сенім телефоны: 14-02
#
Қарағанды облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
#
Төтенше ақпарат

Естелік кітабы

Перейти
#
Жазылу
Пошта:

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті
- dchs_karg@emer.kz

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

- fgu@fireman.kz

Қарағанды облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы

- kf_rgp@mail.ru

Біз әлеуметтік желілерде:
Мекен-жайы:

ТЖД - 100027, Қарағанды қ., Мұстафин көш., 4.

"ӨСжАҚҚ" ММ - 100048, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 25

Напишите нам
Сіздің атыңыз*
Сіздің E-mail*
Хабарлама*
автоматты хабарламалардан сақтау
CAPTCHA
Суреттегі сөзді жазыңыз*
Нашар көретіндерге арналған нұсқа #

«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» АҚ филиалы

18 мамыр 2016
«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының Қарағанды филиалы – Қарағанды облысындағы ежелден келе жатқан емдеу-профилактикалық мекемелерінің бірі, ол өзінің жұмысын 1934 жылы бастаған. Емхана халыққа медициналық көмек көрсетеді, Қазақстан Республикасындағы ең ірі торапты жол – Қарағанды жол бөлімінің поезд қозғалысындағы медициналық қауіпсіздікті қамтамассыз етеді. Қызмет көрсетілетін жолдың жалпы ұзақтығы 1974 шақырым теміржол төсемін құрайды. Барлығы жол желісінде 3 жол-сапар дәрігерлер бекеті, 1 вокзал дәрігерлік бекеті, 19 локомотив бригадасын тексеретін сапар алды, 15 фельдшер-акушерлік, 48 кезекті ауысу кезіндегі теміржол қызметкерлерді тексеру бекеттері қызмет көрсетеді. Емханада 1 медицина ғылымының кандидаты, 5 жоғары дәрежелі, 12 бірінші дәрежелі, 7 екінші дәрежелі дәрігерлер жұмыс атқарады, медицина қызметкерлерінің орташа дәрежелерінің сапасы 72% құрайды. 2008 жылдан бастап госпиталь негізінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің бірыңғай емдеу-профилактикалық жүйесінің мекемесіне кірді.

Күнделікті тәртіпте «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ филиалдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық контингенті тіркелген (құтқарушылардың кәсіби жарамдылығына дәрігерлік тексерістер, емхана-поликлиникалық және стационарлық ем жүргізеді), сондай-ақ теміржол қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне де госпиталь ретінде қызмет көрсетеді. «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ нысандары төтенше жағдай орын алған кезде халыққа және зардап шеккен адамдарға жедел мамандырылған медициналық көмек көрсетеді.

«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ теміржол көліктерінде орын алған төтенше жағдайларды жоюға бағытталған халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.

Басшы 
Филиал басшысы - Әбішев Нұрлан Кеңесұлы, осы қызметте 1998 жылдан бастап.
Нұрлан Кеңесұлы – жігерлі, ынталы басшы, Қазақстанның провизорлары мен дәрігерлерінің II құрылтайының өкілі болды. 3 жоғарғы білімі бар –медициналық, экономикалық және заңгерлік. Н.К. Әбішев қызмет еткен уақыттан бері ауруханада көптеген аурулардың алдын алу мақсатында жаңа технологиялар енгізілген.


Байланыс ақпараты:
Мекен жай: Қарағанды қаласы, М.Маметова көшесі, 99-үй, 
Пошталық индексі: 100010 
Телефондары: 8(7212)93-22-27 (қабылдау бөлімі) 8(7212)47-12-50 (факс) 
Электронды пошта: mst_kar34@mail.ru 
Сайт: www.karmst.kz 



Кері қайту