Аяз және боран
Біздің облысымыздың шұғыл континентальды климатының суыту қаупі кез келген жыл мезгілінде, әсіресе қыста адамдарға қауіп төндіреді. - қырағы болыңыздар, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты қадағалап, үйден шығар алдында термометрге қараңыздар немесе қоршаған табиғатты бақылаңыздар;
Боран және күртік қар ерекше қауіпті болып табылады, әсіресе үйінен алыстағы, жол үстіндегі адамдар үшін: - егер де жолда бірнеше адам бірге болса (бірнеше көлікпен), барлығы бір жерге жиналып, паналауға бір көлікті пайдаланып, міндетті түрде қозғалтқыштың суын ағызып жіберу керек.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Сізде ең аз дегенде қосалқыны санағанда бес доңғалақ бар, олар кез келген ауа райында жаман жанбайды. Жүруге шешім қабылдасаңыз, асфальт пен трассаны ұстаныңыз: оларды қар аз басады және оларда жиек бар, сол арқылы бағыт ұстауға болады. Суықтан жарақат алатындай жағдай туғызбаңыз. Қонақта кешігіп қалмаңыз, ішімдікті артық пайдаланбаңыз, ол қауіп-қатер факторын арттырады, реакцияны мұқалтады, қате шешімге әкеп соғады және жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді. Тоңазыған жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсету дағдысын игеріңіз. |
Кері қайту